Сауатсыз жарнамаға жол жоқ!

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы 17 наурыз күні Ақтөбе вокзалы маңындағы жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндеріне жүргізілген мониторинг барысында 23 нысанның 6-нда (26%) жарнама мәтінінде қателіктер анықтады. «Донер», «Тауық грилі», «шаштараз», «Алло», «Байланыста» атты сауда орындарында орын алған жарнама мәтіндеріндегі қателіктер бойынша нысан иелеріне хабарласылды. Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкестендіру негізінде ұсыныстар беріліп, ескерту жасалды.