Ашық есік күні

«15 наурыз – Дүниежүзілік тұтынушылар күні» аталып өтетініне орай, ағымдағы жылдың 13 наурызында «Бірыңғай ашық есік күні» іс-шарасы республикалық деңгейде өткізу жоспарлануда.
Осыған ретте облыстық тілдерді дамыту басқармасы тарапынан жарнама мен көрнекі ақпараттар мәтіндерін «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкестендіру, сонымен қатар көрнекi ақпарат мәтіндерін орналастыру тәртібін саралау, стильдік, орфографиялық тұрғыда сауатты жазылуына әдістемелік көмек беру мақсатында «ашық есік күні» шарасы ұйымдастырылады. Келемін деушілерге есік ашық!
Мекенжайы: Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 86, телефон: 54-06-04.