Латын графикасындағы әліпбидің жаңа нұсқалары талқыланды

Ағымдағы жылғы 4-наурызда Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының жанындағы тілдерді оқыту орталығының ғимаратында ҚР Мәдениет және спорт министрлігі Тіл саясаты комитетінің ұйымдастыруымен әліпби жобасын ғылыми тұрғыдан қайта саралау мақсатында өңірлік тіл басқармаларымен бірлескен онлайн семинар өтті.Семинарда әліпбиді жетілдіру жұмыстарын қорытындылау сатысындағы жұмыстар бойынша әліпби құрамына с, w, х таңбаларын енгізу, ц, ч дыбыстарына таңба арнау, и, і және ж, ң дыбыстарының таңбасын қайтадан қарастыру мәселелері көтерілді