Көрнекі ақпарат пен жарнамаға сауаттылық!

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы қала көшелеріндегі көрнекі ақпараттар, деректемелер мен жарнамалардың сауаттылығын «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 21-бабына сәйкестендіру бойынша бірқатар жұмыстар атқарып келеді. Ағымдағы жылдың ақпан айында К.Нокин, Ә.Жангелдин, Ә.Смағұлов көшелерінде және 11 шағын ауданда орналасқан көрнекi ақпарат мәтіндерін орналастыру тәртібін саралау, стильдік, орфографиялық тұрғыда сауатты жазылуын қадағалау бойынша әдістемелік көмек берілді. Қате ілінген нысандардың әкімшілік қызметкерлеріне келісім бойынша мәтіндерді түзетуге қосымша уақыт берілген болатын. Ескертуден соң бірқатар нысандар көрнекі ақпараттарында орын алған заң бұзушылықтарды түзеп, қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендірді. Ал кәсіпкерлер назарына! Егер ілетін жарнамаларының дұрыс-бұрыстығын алдын ала тексертіп алғылары келсе, тіл мамандарына хабарласуға (54-06-04, 55-11-30) болады. Әдістемелік көмек беру үшін арнайы aktobe_tilder@mail электронды поштасына да жіберуге болады.