Қазтест диагностикалық сынағы

Ағымдағы жылдың 6-10 сәуір аралығында облыста азаматтардың қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалаудың отандық жүйесі – «Қазтест» жүйесі бойынша тестілеу ұйымдастырылады.
ҚАЗТЕСТ жүйесі Қазақстан Республикасындағы тіл саясатын іске асырудың 2020 – 2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында қазақ тілін меңгерген азаматтардың үлесін арттырудың нысаналы индикаторы ретінде айқындалған.
Тест тапсырушылар қазақ тілін тек қатысым құралы ретінде ғана емес, сол тілді қолданушы қазақ ұлты­ның мәдениетін, салт-дәстүрін, ұлттық дүниетанымын түсіну, білу тұрғысынан да игергенін көрсете алуы тиіс.
Тест тапсырамын деушілерге 56-85-48 нөміріне хабарасу сұралады.