«Толеранттылық – елдіктің алтын көпірі» диалог алаңы

Облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Төлебаеваның, Тілдерді оқыту орталығының директоры К.Серғазинаның қатысуымен облыстағы этномәдени бірлестіктер мүшелерімен, оның ішінде мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс орындап отырған үкіметтік емес ұйымдарымен кездесу ұйымдастырылды.
Шара барысында мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру, этнос өкілдерінің мемлекеттік тілді білу деңгейін көтеру, тілді үйретуді қамтамасыз ету мәселелері ортаға салынды. Кездесуге қатысушылар өз пікірлерін білдірді, көкейкесті сұрақтарын қойып, оларға жауап алды, 1 наурыз Алғыс айту күніне орай жылы лебіздерін білдіріп, алғыс айтты.