Жарнама тілі – басты назарда

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы 27 ақпан күні Макаренко, Пацаев көшесіндегі жарнама мен көрнекі ақпарат мәтіндеріне жүргізілген мониторинг барысында 58 нысанның 7-нде (12%) жарнама мәтінінде қателіктер анықталып, нысан иелеріне ескертілді. «Дөңгелек» сөзінің «Доңғалақ» деп аударылуы, дүкен атауларында алдымен орыс тіліндегі нұсқасының жазылуы және екі сөздің бірігіп қалуы, басқа да орфографиялық қателіктермен қоса, заңнама талаптарын орындау кезінде де жиі қателіктер кездеседі. Көбінесе жарнаманың жоғары бөлігіне орыс тіліндегі нұсқасы орналасады немесе қазақ тілінде мәлімет болмайды.
Осыған орай жеке кәсіпкерлер мен жарнама агенттіктеріне жарнама мен көрнекі ақпараттар мәтіндерін рәсімдеуде көмек көрсетіліп отырады. Әдістемелік көмек беру үшін арнайы электронды поштамыз бар. Сонымен бірге, Faceboook, instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларға тұрғындар тарапынан келіп түкен ұсыныстар қаралып, тиісті жауаптары қайтарылып келеді.