«Көз жүргіртсек өткенге» онлайн байқауы

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқарамасы 2020 жылдың 25 ақпанынан бастап әлеуметтік желі қолданушылары арасында қашықтықтан өткізілетін 2020 жылғы атаулы мерекелерге арналған облыстық онлайн жазба жұмысының байқауын жариялайды.
Байқау жұмыстары төмендегідей мерейтойлар бойынша жазылуы керек:
- Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойы;
- Әл-Фарабидің 1150 жылдығы;
- Алтын Орданың 750 жылдығы;
- Жеңістің 75 жылдығы;
- Қазақстан Республикасы Конституциясының 25 жылдығы;
- Қазақстан Халқы Ассамблеясының 25 жылдығы.
Байқаудың шарттары:
1. Байқауға қатысушылардың жас мөлшеріне шектеу қойылмайды;
2. Байқау үш кезеңнен тұрады:
- І кезең: Байқау туралы әлеуметтік желілерге жариялау;
- ІІ кезең: 1 наурыз бен 1 қыркүйек арасындағы әлеуметтік желілерге, электронды поштаға келген жұмыстарды қабылдау, келген жұмыстарды іріктеу кезеңі (1 қыркүйектен кешіктірілген жұмыстар байқауға қатыстырылмайды);
- ІІІ кезең: 1 қыркүйек пен 1 қараша аралығындағы жеңімпаздарды анықтау кезеңі;
3. Байқауға әр түрлі жанрда жазылған жазба жұмысы қабылданады (эссе, әңгіме, мақала, очерк т.с.с.)
4. Байқау материалдарына тақырыпты әр қатысушы өз еркімен қоя алады;
5. Жасалған жұмыстар автордың әлеуметтік желідегі меншікті парақшасына Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының парақшаларын белгілей отырып салынуы тиіс. Бұл шарттарды орындаған автор жұмыстарының электронды түрін tilaktobe@mail.ru электронды поштасына байланыс координаттарымен қоса жолдайды;
6. Байқауға жолданған жұмыстардың авторлық құқығының сақталуына жауапкершілік сол материалды ұсынған қатысушыға жүктеледі.
Жұмыстарға қойылатын талаптар:
1. Жазба А4 парағында 2-4 бет аралығында «Times new roman-14» қарпімен ұсынылады:
v Жазба жұмыстары қажет болған жағдайда тарихи деректерді, еліміздің өткені мен қазіргісін салыстыру, болашақты елестету сынды мазмұнды қамти алады.
2. Жұмыстарды іріктеуде тіл тазалығы мен шеберлігіне, тақырыптың ашылуына, қойылған талаптардың орындалуына баса назар аударылады.
Қорытындылау:
Байқау жеңімпаздары алғыс хаттармен, сыйлықтармен марапатталады
Байқауға байланысты сұрақтар мен ақпараттар бойынша анықтама телефоны 8 (7132) 56-85-48
«Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» Мемлекеттік мекемесі
030020, Ақтөбе қаласы Тургенев көшесі, 86