ГЕОНИМДЕР ТУРАЛЫ НЕ БІЛЕМІЗ?

Жергілікті жердің қазба байлықтарына байланысты қойылған атаулар тіл білімінде геонимдер деп аталады. Ақтөбе өңірінде геонимдердің көптігі қазба байлықтарының мол қорын көрсетеді.Мысалы, Мұнайлы (Темір), Майтөбе (Хромтау), Күмісті (Әйтеке би), Ақтау (Қобда, Байғанин, Хромтау, Ойыл, Темір, Шалқар, Ырғыз), Борлы (Алға, Әйтеке би, Шалқар, Мұғалжар, Ырғыз), Жездібай (Мәртөк), Қорғасын (Байғанин), Көмірсай (Байғанин), Мысқазған (Шалқар), Алтынды (Мұғалжар ), Жақсымай (Темір) атаулары #ономастикаАқтөбе