АҚТӨБЕДЕ 3268 УРБАНОНИМ БАР

Топонимика – жер-су, елді мекен атауларының шығуы мен пайда болуын (этимологиясын), мағынасын, құрылымының дамуын, таралу аймағын, қазіргі жағдайын, грамматикалық, фонетикалық пішінін зерттейтін ғылыми сала. Топонимдер бірнеше топқа бөлінеді, соның ішінде көшелердің атауы урбанонимдер деп аталады.Қазірде «Мекенжайлық тіркелім» ақпараттық базасында Ақтөбе облысы бойынша 3268 урбаноним тіркелген. Оның 2059 (63%) - дәстүрлі топонимдер, 964 (29%) - тарихи тұлғалар есімдері, ал 218 (6,6%) көшеге топонимикалық жүгі жоқ және аса танымал емес кісі есімдері берілген. 27 атау (0,8%) идеологиялық тұрғыдан ескірген. 2019 жылы 2018 жылмен салыстырғанда идеолгиялық тұрғыдан ескірген атаулар 35%-ға азайды (27 атау қалды). #ономастика