Облыстық ономастика комиссиясы өтті

2019 жылғы 26 қыркүйекте облыс әкімінің орынбасары М.Тоқжановтың төрағалығымен облыс әкімдігі жанындағы ономастика комиссиясының кезекті № 3 отырысы өтті.
Күн тәртібінде Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылдық округі Қарабұтақ ауылының В.Чапаев көшесін «Ұлы дала», В.Терешкова көшесін «Тәуелсіздік», А.Пушкин көшесін «Мәңгілік Ел» көшесі деп қайта туралы ұсыныстары көшелердің абаттандыру деңгейі төмен болуы себепті лайықсыз деп танылып, кері қайтарылды. Қобда ауданы Бегалы ауылдық округінің Калиновка ауылын «Бесқұдық» ауылы деп қайта атау туралы ұсыныс бірауыздан қолдау тауып, оң қорытынды алды.
Сондай-ақ облыс топонимдеріне кешенді талдау жасалып, жергілікті атқарушы органдарға жұмыс сапасын жақсарту, біріздендіру, талдау-сараптамалық жұмыстар жүргізу және тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізу тапсырылды. #ономастика