“Қазақ тілін деңгейлеп оқытуды жетілдіру: заманауи әдістер мен ұсыныстар” атты республикалық онлайн семинар өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Тіл саясаты комитеті тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында республикалық онлайн семинарын өткізуде. Семинардың тақырыбы “Қазақ тілін деңгейлеп оқытуды жетілдіру: заманауи әдістер мен ұсыныстар”. Республикалық семинарда Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығы әдіскері, педагогика ғылымдарының магистрі А.С.Сүгірбаева “Орта деңгей: мультимедиялық технологиялар негізінде оқыту” шеберлік сабағын өткізді.