МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙЫЛДЫ

Ақтөбеде 2019 жылғы 6 қыркүйекте облыстық Кәсіпкерлер палатасы мен Тілдерді дамыту басқармасы арасында өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.
Меморандум мәні - мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту, оның бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру, қолданыстағы Қазақстан Республикасының Тілдер туралы заңы талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, ақпарат мәтіндерін дайындау ісінде әдістемелік көмек көрсету бағытында кәсіпкерлермен ынтымақтастықты дамыту болып табылады.
Жиын барысында қатысушы жарнама агенттіктері өкілдеріне ҚР заңнамасының міндеттері түсіндіріліп, Ақтөбе қаласындағы сыртқы жарнама және көрнекі ақпараттардың сапа деңгейі талданды.
Сонымен бірге "Тіл тазалығын сақтаймыз" акциясы қорытындыланып, «Ең сауатты жарнама», «Ең үздік аударма», «Қырағы көз», «Тіл жанашыры» «Мемлекеттік тілде үздік қызмет көрсетуші» номинациясының иегерлері марапатталды.