Қазақы есім – ұлттық нышан

Қазақстан халқы тілдерінің күні мерекесіне орай «Тілім менің – баға жетпес байлығым» онкүндігі аясында 2019 жылғы 12 қыркүйекте №30 жалпы білім беретін орта мектеп ғимаратында «Ұлты қазақ азаматтарының тегі, есімі және әкесінің атының қазақ тілінің әдеби нормасына сай жазылуы және олардың орыс тілінде берілуі туралы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
Мақсаты: Жоғары сынып оқушыларына «Ұлты қазақ азаматтардың тегі мен әкесінің атын жазуға байланысты мәселелерді шешу тәртібі туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 2 сәуірдегі № 2923 Жарлығын түсіндіру, өскелең ұрпаққа аты-жөндерін ұлттық үлгіде, әдеби тілдің нормасына сәйкес жазуға насихаттау жұмыстарын жүргізу.
Отырыста Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушы-ғалымдары, Ақтөбе қаласынының азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімінің мамандары сөз сөйледі.