Ақтөбеде «Тіл тазалығын сақтайық!» Акциясы басталды.

Акцияның мақсаты: азаматтардың, қала тұрғындарының тіл саясаты туралы ақпараттану дейгейін көтеру, мемлекеттік тілге құрметпен қарауды қалыптастыру, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесін көтеру, қолданыс аясын кеңейту, жастардың бойында ұлттық рух пен ұлттық мүддені, патриотизм сезімдерін қалыптастыру, тіл мәдениетін арттыру.Шара қала аумағында тамыз айының 15і мен қыркүйек айының 5 і аралығында өтеді. Осы 20 күн аралығында халық көп шоғырланған мәдени орта мен халыққа қызмет көрсету орындарында Тіл турасында қанатты сөздер мен Тіл туралы заңнама талаптарын түсіндіретін үнпарақтар таратылады. Халыққа қызмет көрсету орындарында, қала көшелерінде, қоғамдық көліктерде тұрғындардың қай тілде қызмет алатындары туралы сауалнама жүргізіледі, Мониторинг жасалады.Қала көшелеріндегі жарнама мен көрнекі ақпараттардағы, хабарламалардағы, жарнама тақталарындағы, маңдайшалар мен баннерлердегі орфографиялық, пунктуациялық, тілдік және грамматикалық қателіктер туралы ақпарат жинау және саралау жұмыстарын жүргізіледі. Ол үшін әлеуметтік желі қолданушылары арасында «Таза тіл» тақырыбында блоггерлер байқауы өткізіледі.Әлеуметтік желілерде жарияланған байқау мен Мониторинг қорытындысы бойынша «Ең сауатты жарнама», «Ең үздік аударма», «Қырағы көз», «Тіл жанашыры», «Мемлекеттік тілде үздік қызмет көрсетуші» сияқты номинациялар белгіленіп, акцияға белсенді қатысқан қала тұрғындары марапатталады.