Аумақтық даму бағдарламасының орындалуы бойынша есептер

Ақтөбе облысы бойынша аумақты дамыту бағдарламасының жүзеге асырылуы туралы
(мемлекеттік, үкіметтік бағдарлама, аумақты дамыту бағдарламасы)
Есеп беру кезеңі 2018 жыл
Мемлекеттік орган Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы
1. Бағдарламаның жүзеге асырылу барысы туралы ақпарат
Атауы
Өлшем бірлігі
Ақпарат көзi
Жауапты орындаушылар
Орындалуы
Қаржыландыру көзі
Бюджеттік бағдарлама көзі
Орындалуы туралы ақпарат
Базалық (алғашқы) мәні
Жоспар
2018 жыл
Нақты
2018 жыл
1
2
3
4
5
6
7
8
9
10
11
Бағыты – Үштілділікті дамыту
Мақсат: 1.1 Мемлекеттік, орыс, ағылшын тілдерін меңгерген облыс тұрғындарының үлесін арттыру.
1
Мемлекеттік тілді меңгерген ересек тұрғындар үлесі
%
Әлеуметтік зерттеу қорытын.
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы
-
93,7
93,8
*
*
Жыл сайын Ақтөбе облысындағы тілдік ахуал мен тілдік дамуды бағалау, облыс ересек тұрғындарының тілдерді меңгеру деңгейі мен олардың қолданылу саласын анықтау мақсатында «Ақтөбе облысындағы тілдік ахуал» тақырыбында әлеуметтік лингвистикалық зерттеу жүргізіледі. 2017 жылы зерттеуге Ақтөбе қаласы мен 12 ауданнан 6000 респондент қатысты Зерттеудің өзектілігі облыстағы нақты тілдік ахуалды талдау қажеттілігімен айқындалады.
Басқарманың тапсырысымен жүргізілген зерттеуді орындаушы: «Қоғам – Общество – Society» ғылыми-зерттеу институты. Зерттеу тұрғындарға сауалнама жүргізу арқылы жүзеге асырылды.
2
Ағылшын тілін меңгерген ересек тұрғындар үлесі
%
Әлеуметтік зерттеу қорытын.
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы
-
25,2
26,2
*
*
3
Үш тілді (мемлекеттік, орыс, ағылшын) меңгерген ересек тұрғындар үлесі
%
Әлеуметтік зерттеу қорытын.
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы
-
17,9
18,2
*
*
Іс-шаралар
Ересек тұрғындарды мемлекеттік тілді оқыту курстарымен қамту
*
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы
ЖБ
264002000
Есептік кезеңде тілдерді оқыту орталығы арқылы 648, этномәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептер арқылы 100, барлығы 748 адам мемлекеттік тілді үйрету курсын аяқтады. Алға. Қобда, Хромтау, Мәртөк, Мұғалжар, Қарғалы аудандарында тіл үйрету курстары ұйымдастырылды. www.til-aktobe.kz сайтында қарапайым (А1) және базалық (А2) деңгейлерге арналған сабақтар орналастырылып, тіл үйренушілер сайтқа тіркелу арқылы қашықтан оқыту технологиясы бойынша дәріс алады. Сайт қолданушылары 41 мыңнан асты. Орыс тілді «Диапазон» газетінде қарапайым А1 деңгей бойынша қазақ тілін үйретудің 25 сабағы жарияланды.
қазақ тілін оқыту процесін жетілдіру мақсатында «Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме» атты ақпараттық-әдістемелік бюллетені шығарылды.
«Қазтест» жүйесіне негізделген мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын сынаққа 3635 адам қатысты.
Мемлекеттік тілді қолдану аясын кеңейту және мәртебесін арттыруға басқа да тілдерді дамытуға бағытталған іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу
*
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы
ЖБ
264002000
2 онлайн-семинар, 1 айтыс, Ресей Федерациясы Орынбор облысындағы «Орынбор қазақтары қауымдастығы» облыстық қоғамдық ұйымы өкілдеріне 5 шара (3 ашық сабақ, 1 шеберлік класы, 1 тағлымдама), ілеспе аудармашыларға біліктілік арттыру бағытындағы 2 курс, 1 байқау, 1 жоба (жоба аясында 10 кездесу), 1 өнер фестивалі, 3 акция, 2 дебат, 6 семинар-тренинг ұйымдастырылды,
Мемлекеттік, ағылшын тілдерін іоқытуға және насихаттауға арналған теле және радиохабарлар, жобалар, онлайн арқылы үш тілді /мемлекеттік, ағылшын, орыс/оқытуды жүзеге асыру
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы
ЖБ
264002000
2017 жылы басқарма тапсырысымен БАҚ арқылы жүзеге асырылатын тіл үйрену сипатындағы, қазақ тілін жетік білу арқылы елге танымал адамдарды насихаттау, мемлекеттік тілде сөйлейтін адамның беделді бейнесін қалыптастыруға бағытталған
жобалар: көпшілік алдына сөз сөйлеу, сөйлеу, тілдік құралдарды түрлі тілдік жағдаяттарға байланысты пайдалана білу мақсатында «Алтын қазына», қоғамдық санада үш тілде сөйлеушінің беделді бейнесін қалыптастыру мақсатындағы «Тілдарын» PR хабары эфирге шықты, баспа БАҚ-та арнайы айдар ашылды, «Көрнекі ақпараттар мен жарнамаларды ресімдеу», «Латын әліпбиі – заман талабы» роликтері әлеуметтік желілер арқылы ротацияланды.
Бүлдіршіндердің алғашқы тілдік дағдыларын игертуге арналған «Күншуақ» журналы, «Мен үш тілде сөйлеймін» тілашары, «Балаларға базарлық» кітапшасы шығарылды
Талдамалық ақпарат.
Мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейтуге бағытталған ауқымды шаралар, жүйелі жұмыстар жүргізілудің арқасында бүгінгі күнде облысымызда мемлекеттік тілдің әлеуметтік функцияларын арттыру үшін барлық алғышарттар бар.
Облыста ересек азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеруі үшін қолайлы жағдайлар жасалған. Есептік кезеңде тілдерді оқыту орталығының Ақтөбе қаласы және Алға. Қобда, Хромтау, Мәртөк, Мұғалжар, Қарғалы аудандарында 648, этномәдени бірлестіктер жанындағы жексенбілік мектептер арқылы 100, барлығы 748 (2016 жылы – 504) адам мемлекеттік тілді үйрету курсын аяқтады. Тілдік курсқа қатысқандардың 61% мемлекеттік қызметшілер, 22% халыққа қызмет көрсету саласы қызметкерлері, 17% жеке тұлғалар болса, өзге ұлт өкілдерінің үлесі – 29% (2016 жылы – 22%). Жылдан-жылға мемлекеттік тілді оқыту курстарының тыңдаушыларының санының өсуі, оның ішінде өзге ұлт өкілдерінің және жеке тұлғалардың санының артуы бүгінгі таңдағы қоғамда мемлекеттік тілге деген сұраныстың қалыптаса бастауының, қазақ тілінің болашағына деген сенімнің артуының тағы бір қосымша дәлелі. Тіл үйрену курстарынан өткен тыңдаушылардың жылдан-жылға коммуникативтік біліктілік деңгейлері артуда. 2009 жылмен салыстырғанда қиындықсыз ісқағаздарды әзірлей, келіссөзді жүргізе алатын, аудармашы міндеттерін атқара алатындардың деңгейі 13℅-дан 57,8℅-ға, әртүрлі тақырыптарға еркін сөйлесе алам дейтіндердің үлесі 9℅-дан 50℅-ға, күрделі емес тақырыптарға әңгімелесе алатындардың қатары 13℅-дан 71,6℅-ға, кез-келген тақырыпқа ойын жеткізе алатындардың үлесі 8℅-дан 73,8℅-ға, өзі, қызметі, туыстары туралы әңгімелесе алатындардың деңгейі 24℅-дан 81,2℅-ға дейін артқан. Керісінше, тілді нашар білем деушілердің үлесі 9℅-дан 1,2℅-ға, сөздіктің көмегімен ғана тілдесе алатындардың үлесі 11℅-дан 1℅-ға дейін төмендеген.
Әлеуметтік зерттеу қорытындысы бойынша сауалға қатысқандардың басым бөлігі мемлекеттік тілді меңгеруге жағдайлар бар деп есептейді. Респондентттердің 8,7℅ ғана тілді үйренуге жағдай жоқ деп жауап берді.
www.til-aktobe.kz сайтының қолданушылары 41 мыңнан (2016 жылы – 10000) асты. қазақ тілін оқыту процесін жетілдіру мақсатында «Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме» атты ақпараттық-әдістемелік бюллетені шығарылды.
Тілдерді оқыту орталығы арқылы 203 (2016 жылы – 23) адам ағылшын тілін 54 адам орыс тілін оқытумен қамтылды. Сауалнамаға қатысқан облыс тұрғындарының 56,9℅-ы үштілділікті енгізуге бағытталған саясатты қолдайтынын айтты. Олардың төрттен бір бөлігі жауап беруге қиналды.
«Қазтест» жүйесіне негізделген мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтайтын сынаққа 3635 (2016 жылы – 2506) адам қатысты.
Мемлекеттік тілдің әлеуметтік мәртебесін көтеретін ерекше коммуникативтік кеңістік БАҚ болып табылады, сондықтан тілдік ортаны қалыптастыруда бұқаралық ақпарат құралдарының атқарар орны ерекше. Басқарма тапсырысымен мемлекеттік тілді насихаттау бағытында 2017 жылы басқарма тапсырысымен 2 телебағдарлама, 2 жарнамалық-имидждік ролик, 1 арнайы айдар дайындалды. Бұл жұмыс алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.
Облыс тұрғындарының тілдік біліктері тұрақты түрде артуда: мемлекеттік тілді меңгерген ересектер үлесі 93,8%-ды құрайды.
Үш (қазақ, орыс, ағылшын) тілді меңгергендер – 18,2%, орыс тілін меңгергендер – 93,8%, ағылшын тілін меңгергендер – 26,2%.
Толерантты тілдік орта құру мақсатында облыста тұратын өзге ұлт өкілдерінің ана тілдері мен мемлекеттік тілді меңгеруіне жағдай жасалуда. Бұл мақсатқа 6 млн теңге бөлініп, 240 өзге ұлт өкілдері жексенбілік мектептер арқылы украин, корей, татар, әзірбайжан тілдерімен қатар мемлекеттік тілді оқытумен қамтылды.
Облыс мемлекеттік басқару органдарындағы мемлекетік тілдің қолданылу деңгейін қадағалау нәтижесінде шығыс құжаттарының мемлекеттік тілдегі үлесі 97,2 % құрап отыр.
Өңірде тұрақты тілдік ахуал қалыптасқан.
Ø қоғамдық өмірдің негізгі салаларындағы мемлекеттік тілдің қолданылу деңгейі – 80,8%;
Ø тілдік себептерге байланысты құқығымыз бұзылмауда дейтіндер үлесі – 90 %;
Ø тіл мәселесі азаматтардың шетелге қоныс аударуына себеп болып табылмайды дейтіндер үлесі – 89,6%;
Ø ойластырылған белсенді саясат ұлтаралық келісімді сақтауға ықпал етуде дейтіндер үлесі – 81,2%;
Ø ахуал жақсы, қазақ, орыс, ағылшын тілдерін оқитындар саны жылдан жылға артуда дейтіндер үлесі – 72,8%;
Облыс тілдік кеңістігінің дамуындағы ұтымды тұстары ретінде:
- мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы балаларға арналған қазақ тіліндегі суретті кітап, журнал, шығарылуын;
- мемлекеттік тілді танымал ету бағытындағы жұмыстардың жолға қойылуын;
- жергілікті БАҚ-та балаларға, жастарға арналған мемлекеттік тілді контенттің кеңеюін;
- аумақтағы тілдік ахуалды анықтау мақсатында әлеуметтік-лингвистикалық зерттеулердің жыл сайын жүргізілуін;
- мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мен қолданыс аясын кеңейтуге арналған әр түрлі форматтағы ұзақ мерзімді шаралар өткізу дәстүрінің қалыптасуын айтуға болады.
2018 жылы облыс тұрғындарының тілдік біліктерін және қоғамдық өмірдегі мемлекеттік тілдің деңгейін арттыру, латын әліпбиіне көшу міндеті тұр.
Барлық бөлінген қаржы игерілді, мақсатты индикаторларға қол жеткізілді.