Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл

І. Кіріспе
«Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінде Қазақстан Республикасының 2015 жылғы 18 қарашадағы «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 16 «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мониторинг жүргізу қағидаларын бекіту туралы» бұйрығы, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері министрінің 2015 жылғы 29 желтоқсандағы № 18 «Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес, сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізілді.
ІІ. Ақпараттық-талдамалық бөлім
2.1. Жеке және заңды тұлғалардың өтініштеріне талдау жүргізу туралы:
«Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңына және «Жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін есепке алу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының 2015 жылғы 18 желтоқсандағы № 147 бұйрығына сәйкес, жеке және заңды тұлғалардан өтініштерін қабылдау мен тіркеуін атқаруда. Яғни, электронды құжат айналымының бірыңғай жүйесі «Айқын» бағдарламасы арқылы жүзеге асырылуда.
Басқармаға 2018 жылдың желтосан айы бойынша барлығы 38 арыз-өтініш, оның ішінде жеке тұлғалардан – 20, заңды тұлғалардан 18 арыз-өтініш түскен. Олардың барлығына заңнамалық тәртіпте жауап жолданды.
Басқармаға түскен азаматтардың арыз-өтініштерінің айтарлықтай бөлігі елді мекендерге, ауылдық округтерге, елді мекендердің құрамдас бөліктеріне атау беру, қайта атау ісіне байланысты.
Түскен арыз-өтініштер бойынша соңғы бес жылда республикада ономастикалық жұмыстарды жүргізуге, нысандарға атау беруге және оларды қайта атауға уақытша мораторий жариялануына байланысты өтініш иелеріне ұсыныстары қайтарылды.
Мемлекеттік тіл мәселесіне қатысты жеке және заңды тұлғалардан келіп түскен арыз-өтініштерге де жауап уақытылы жіберіліп отырады.
Басқарма басшысы жеке сұрақтар бойынша азаматтарды қабылдау күндері: әр аптаның жұма күні сағ. 16.00 – 18.00-ге дейін.
Басқарманың лауазымды тұлғаларының қызмет этикасы, мемлекеттік қызмет пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес заңнамаларын сақтаудағы жіберілген кемшіліктерін хабарлау үшін азаматтардың арыз-шағымдары салынатын арнайы жәшік орнатылған.
Құқықтық статистика және арнайы есепке алу жөніндегі аумақтық органына жеке және заңды тұлғалардың өтініштері туралы ай сайынғы салыстыру актілері жасалып отырылады.
2.2. Сыбайлас жемқорлыққа қатысты БАҚ сын пікірлер:
«Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ сайты мен БАҚ-та бақыланатын кезеңде басқарма қызметі бойынша сыни мақала болған жоқ.
Сонымен қатар басқарманың www.til.aktobe.gov.kz сайтында, фейсбук, твиттер, вк әлеуметтік желілерінде тілдерді дамыту бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы мәліметтер орналастырылып отырады.
2.3. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018 жылға арналған іс-шаралар туралы жоспарының тиімді орындалуы туралы:
Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы 2015 жылғы 18 қарашадағы № 410-V ҚРЗ заңына сәйкес басқарма басшы қызметкерлер арасында түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылып отырды. Интернет сайтқа басқарма басшысының табыс туралы декларациясы салынған. «Сенім телефоны», жеке және заңды тұлғаларының арыздар мен хаттарына арналған пошта жәшігінің жұмыс істейді. Бюджеттің атқарылуы бойынша есеп және де мемлекеттік сатып алу жоспары басқарманың ресми сайтында тоқсан сайын орналастырылады. Барлық мемлекеттік қызметшілер жыл сайын декларацияларын уақытылы тапсырылады.
2.4. Сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылық және тәртіптік жазалар туралы:
Сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқықбұзушылық фактілері орын алған жоқ.
2018 жылдың қорытындысы бойынша басқарма қызметкерлеріне тәртіптік жазалар қолданылған жоқ.
2.5. Кадрлық-ұйымдастырушылық жұмыстар туралы:
«Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы басқарма басшысының 2018 жылғы 9 қарашадағы №35 бұйрығымен бекітілген:
Басқарма басшысы - 1 бірлік, Бөлім басшылары - 3 бірлік, бас мамандар 6 – бірлік, жалпы – 10 бірлікті құрайды.
2018 жылдың қорытындысы бойынша жұмыстан босатылған қызметкерлер жоқ.
2.6. Басқарманың бақылау фунцияларына қатысты:
Мемлекеттік ораганның миссиясы мемлекеттік және басқа да тілдерді қарқынды дамытуға бағытталған мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүзеге асыру болып табылады.
«Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамаларын қолдану саласындағы тәуекел дәрежесін бағалау өлшем шарттары және тексеру парағын бекiту туралы» ҚР Мәдениет және спорт министрлігі (28.01.2016 ж. № 20) мен ҚР Ұлттық экономика министрілгінің (09.02.2016 ж. № 65) бірлескен бұйрығына сәйкес 2018 жылы бақылау шаралары жүзеге асырылған жоқ. Себебі, аталған бұйрыққа өзгеріс (Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2018 жылы 2 қарашада № 17680 болып тіркелген) енгізілуіне байланысты тексерулер уақытша тоқтатылды.
Бүгінде ономастика саласында жұмыстарды үйлестіруде Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің идеялық көзқарас бойынша көнерген атауларды тарихи және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атаулармен өзгерту, кісі есімдерін беруге мейлінше шектеу қою, қоғамда патриоттық рухты нығайту мақсатында жекелеген (мерейтойлары аталып өтілетін) және тарихи тұлғалардың есімдерін беру тапсырмалары бойынша 2018 жылы облыстық ономастика комиссиясының 4 отырысы өтті. Онда атаусыз құрамдас бөліктерге атау беру туралы 95, қайта атау туралы 79, елді мекендерді қайта атау туралы 2, барлығы 176 ұсыныс қаралып, оның 155-і оң қорытынды алды.
Республикалық ономастикалық комиссиясының оң қорытындысын алған 224 атау тіркелді.
Кейбір білім беру ұйымдарына атау беру бойынша 10 ұсыныс республикалық ономастика комиссиясына жолдау үшін дайындалуда.
Ақтөбе қаласының 5, Қобда ауданының 2 мектебіне атау беру туралы құжаттары Үкіметте қаралуда.
Облыс тұрғындарының ономастикалық жұмыстардың жүргізілуіне қанағаттану деңгейі 99,9%-ды құрап отыр. Сонымен бірге, жеке тұлғалардан атау беру, қайта атау мәселелері бойынша 68 арыз-өтініш түсті, оның барлығына заңды түрде жауап қайтарылды.
Осыған байланысты сыбайлас жемқорлық тәуекелдері анықталған жоқ. «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ қызметіне қатысты құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасауға ықпал ететін өкілеттіліктер мен нормалар анықталған жоқ.
Басқармада 2018 жылы мүдделер қақтығысы орын алған жоқ.
Мемлекеттік қызмет көрсету басқарма құзыретіне кірмейді.
ІІІ. Қорытынды
Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін ішкі талдау жүргізу нәтижесі бойынша келесі ұсыныстар туындап отыр:
1. «Жеке және заңды тұлғалардың өтiнiштерiн қарау тәртiбi туралы»
Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 12 қаңтардағы № 221 Заңына сәйкес дәрістер мен түсіндірме жұмыстарын ұйымдастыру;
2. Басқарманың аппарат қызметшілері арасында сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын әрекеттерді және құқық бұзушылықтарды болдырмау, олардың алдын-алу үшін барлық қолда бар мүмкіншіліктерді пайдалана отырып, Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, құқықтық түсіндіру жұмыстары жүргізіле беру қажет;