«ҰЛТ РУХАНИЯТЫ- ҰРПАҚ АМАНАТЫ»

Шараның мақсаты: Елбасымыздың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласымен жастарды таныстыру, өскелең ұрпаққа еліміздің өткенінен сыр шерітіп, тілімізді, дінімізді құрметтеуге, ата-бабаларымыздың құнды тарихи мұраларын сақтауға, қорғауға, еліне, туған жеріне деген жанашырлығын, мәдени мұраларға деген қамқорлығын танытуға баулу.
Аталған шарада Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің басшысы Қ.Н.Сұлтаналин 9 қазанда ұсынылған қазақ тілінің латын графикасына негізделген жаңа нұсқасы туралы мағлұмат берсе, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Отан тарихы және тарихи пәндер кафедрасының» доценті С.А.Ескалиев тарихтан сыр шертіп, жаңғыру да тарихтың өзі сияқты жалғаса беретін процесс екендігін жастарға түсіндіріп берді. Сонымен қатар Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің «Тарих» факультетінің «Тарих», «География», «Туризм» мамандығы бойынша білім алып жатқан студенттері «Қазақстанның киелі жерлері географиясы» тізіміне Ақтөбе облысынан енген киелі орындары туралы айтып берді.
Шараға қаладағы № 52 негізгі мектеп оқушылары мен Ақтөбе көлік коммуникация және жаңа технологиялар колледжі студенттері қатысып өз ой-пікірлерін ортаға салды.