Көрнекі ақпарат пен жарнама тілінің сауаттылығы – басты назарда

Ағымдағы жыл басынан бері 309 нысан бақылауға алынды. Оның ішінде 160 нысанға ұсынылған көрнекі ақпараттарында тіл нормасы сақталмағандығы ескертіліп, оны жою тапсырмасы жүктелді. 724 көрнекі ақпарат мәтіні электронды жүйе арқылы мақұлданып, жарнама агенттіктері әзірлеген 225 көрнекі ақпарат мәтініне сараптама жүргізіліп, түзетілді. Faceboook, instagram әлеуметтік желілеріндегі парақшаларға тұрғындар тарапынан келіп түкен ұсыныстар қаралып, үнемі тиісті жауаптары қайтарылады. Сондай-ақ қала көшелеріндегі жарнамалар мен көрнекі ақпарат мәтіндерін бақылауға алып, рейдтер жүргізу ісі – күн тәртібінен түскен емес. Рейд қорытындысы БАҚ-да жарияланып, көпшілік назарына ұсынылып отырады.
Аталмыш саладағы жұмыстар Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңына сәйкес жүргізіледі. Жеке кәсіпкерлер мен жарнама агенттіктеріне жарнама мен көрнекі ақпараттар мәтіндерін рәсімдеуде көмек көрсетіліп отырады. Әдістемелік нұсқау беру үшін арнайы электронды поштамыз бар.