"Күншуақпен" бірге болыңыздар!

"Күншуақ" журналы – үш тілде шығатын және облысқа тарайтын балалар басылымы. Әсем безендірілген суреттерімен, шығармаларымен, ғылыммен ғаламның қызықты деректерімен жас бүлдіршіндерді сиқырлы әлемге жетелейтін журнал. Оның өзектілігі – балалардың кітап оқуға деген құмарлығын арттырып, мәдениетті болып өсуіне тәрбие береді, жалпы рухани дүниесін байыта түсуге ат салысады, тілдерді үйренуіне ықпал етеді. Журнал оқушылардың шығармашылығын насихаттайды, таланты балалардың жан-жақты көрінуіне де қолдау көрсетеді. Ендеше, журналмен бірге болыңыз! Журналдың №4 саны да жарыққа шыққанын қуана хабарлаймыз. Журналға өз туындыларын жариялағысы келген балалар 56-85-48 нөміріне хабарласып, ақпарат алуларына болады.