Ономастика тынысы 

Облыстағы ономастикалық ахуалды біріздендіру мақсатында мониторинг жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отырады.
Бүгінде «Мекенжайлық тіркелім» ақпараттық жүйесіне Ақтөбе облысы аумағындағы 1 облыстық маңызы бар қала, 7 аудандық маңызы бар қала, 141 ауылдық округ, 393 елді мекен, 5740 құрамдас бөлік, оның ішінде 2912 көше,атаулары қайталанатын 69 көше,6 нысан тіркелген.
Жалпы 1991-2016 жылдар аралығында 146 тарихи атау қайтарылды десек, бұл бағыттағы жұмыстар бүгін де өзектілігін жойған жоқ. Жүргізілген мониторингке сәйкес, атаулары идеологиялық тұрғыдан ескірген 4 ауылдық округ, 21 ауыл мен 148 көше және 3 нысан атауларын өзгерту бағытындағы жұмыстар жүргізілуде. Ағымдағы жылда облыс аумағындағы атаулары идеологиялық тұрғыдан ескірген 41 көше атауларын қайта атау ұсынылды. Оның ішінде 35 көше республикалық ономастика комиссиясына, 6 көше облыстық ономастика комиссиясына. Сондай-ақ атаусыз 215 көшеге жаңа атау беру ұсынысы қаралу үстінде.
Топонимдердің неғұрлым қазақы, мазмұнды болуы – ұлт мүддесі үшін аса маңызды фактор. Облысымыздағы ауылдық округтер атауының 95%-ы, елді мекендер атауының 93%-ы және көше атауларының 91%-ы қазақ тіліндегі атаулар болуы облыстағы мемлекеттік тіл қолданысының жоғары деңгейін көрсетеді.