Ономастика: ұлттық танымға бетбұрыс

«Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті». Уақыт өте келе ұлттық құндылықтарымыздың құны артып, рухани жаңғырып келеміз. Елбасының жыл басында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ халқының көне мұралары мен ұлттық кодын сақтау жан-жақты талқыланған болатын. Ұлттық код – ең алдымен, тілде десек, ал одан туындайтын маңызды бағыттың бірі – ұлттық ономастика, оның жай-күйі. Осы орайда Ақтөбе өңірінде бірталай игі бастама қолға алынып,күн тәртібіне идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи атаулар мен дәстүрлі атауларға өзгерту және кісі есімдерін беруге шектеу қою міндеті қойылды.
Осы мақсатта облыс аумағында идеологиялық тұрғыдан ескірген көшелерді (Пугачев, Разин, Щорс, Люксембург, Ленин, Коммунистическая, Октябрь, Фрунзе т.б.) қайта атау және атаусыз көшелерге атау беру жұмыстары жүргізілуде. Оларға «Алтынемел», «Самұрық», «Үш таған», «Арай», «Жомарт», «Бейбітшілік», «Қыран», «Атақоныс», «Көкпар», «Өсиет» секілді өскелең ұрпақты отансүйгіштікке тәрбиелейтін жалпыхалыққа ортақ атаулар ұсынылды.
Жаңа атаулар дайындауда оныңәдеби тіл нормасына сәйкестігі,жергілікті жердің тарихи, географиялық, табиғи және мәдени ерекшеліктері, бір әкімшілік-аумақта, елді мекендерде, құрамдас бөліктерінде бір атаудың қайталанбау критерийлері ескерілді. Сондай-ақ ашықтық пен қоғамдық қолжетімділік қағидатына сай жергілікті халық арасында дәйекті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Жұмыс келешекте де осы қарқында жалғасын тапса ономастика саласындағы мәселелер жүйелі түрде шешімін табатын болады