Латын әліпбиіне көшуді жүзеге асыру принциптері қандай?

Ғылымилылығы.Қазақстандық ғылыми институттар мәселені шешудің тиімді механизмдерін іздеу үшін керекті зерттеулерді жүргізуде. Барлығын таразылап, латын әліпбиін енгізген елдердің тәжірибесін зерттеп, олардың кемшіліктері мен шешілмеген мәселелерді ескере, латын әліпбиіне көшудің кешенді бағдарламасы жарияланады.- Қазақстанның тарихи тәжірибесін ескеру. 1929-1940 жылдар аралығында Қазақстанда латын әліпбиі қолданылды. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың айтуынша, біз жай латын әліпбиіне көшіп жатқан жоқпыз, біз оған оралудамыз.