Ереже

Ақтөбе облысы әкімдігінің 2016 жылғы
«12» тамыздағы № 342 қаулысымен
БЕКІТІЛГЕН
«Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы»
мемлекеттік мекемесі туралы
Ереже
1. Жалпы ережелер
1. Осы «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің Ережесі (әрі қарай-Ереже) Қазақстан Республикасы Президентінің 2012 жылғы 29 қазандағы № 410 «Қазақстан Республикасы мемлекеттік органының үлгі ережесін бекіту туралы» Жарлығына сәйкес әзірленді және «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мәртебесін және өкілеттігін айқындайды.
«Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік тіл саясатын іске асыру саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.
2. «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің филиалдары мен өкілдіктері жоқ.
3. «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына және заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады.
4. «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі мемлекеттік мекемесі ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, мемлекеттік тілде өз атауы бар мөрі мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қазынашылық Комитетінің Ақтөбе облысы бойынша Қазынашылық департаменті» мемлекеттік мекемесінде шоттары болады.
5. «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі.
6. «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі егер заңнамаға сәйкес осыған уәкілеттік берілген болса, мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарапы болуға құқығы бар.
7. «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыретінің мәселелері бойынша заңнамада белгіленген тәртіппен «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысының бұйрықтарымен және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген басқа да актілермен ресімделетін шешімдер қабылдайды.
8. «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылымы мен штат санының лимиті қолданыстағы заңнамаға сәйкес бекітіледі.
9. Заңды тұлғаның орналасқан жері: 030020, Қазақстан Республикасы, Ақтөбе облысы, Ақтөбе қаласы, Тургенев көшесі, 86 үй.
10. Мемлекеттік органның толық атауы - «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
11. «Ақтөбе облысы әкімі аппараты» мемлекеттік мекемесі «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтайшысы болып табылады.
12. Осы Ереже «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің құрылтай құжаты болып табылады.
13. «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің қызметін қаржыландыру жергілікті бюджетінен жүзеге асырылады.
14. «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне кәсіпкерлік субъектілерімен «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекеменің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады.
Егер «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне заңнамалық актілермен кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда осындай қызметтен алынған кірістер республикалық бюджеттің кірісіне жіберіледі.
2. Мемлекеттік органның миссиясы, негізгі міндеттері,функциялары, құқықтары мен міндеттері
15. «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі миссиясы мемлекеттік және басқа да тілдерді қарқынды дамытуға бағытталған мемлекеттік тіл саясатын тиімді жүзеге асыру болып табылады.
16. Міндеттері:
1) азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеруі үшін жағдай жасау;
2) мемлекеттік тілдің әлеуметтік-коммуникативтік және біріктіру функцияларын кеңейту;
3) этникалық диаспора өкілдерінің ана тілдерін үйренуіне және
дамытуына қолдау көрсету болып табылады.
17. Функциялары:
1) орталық атқарушы органдардың аумақтық бөлiмшелерiнiң және аудандық атқарушы органдардың Қазақстан Республикасының тiл туралы заңдарын сақтауын бақылауды жүзеге асырады;
2) деректемелер мен көрнекі ақпаратты орналастыру бөлігінде Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
3) Қазақстан Республикасының тiл туралы заңнамасында белгiленген талаптардың бұзылуын жою туралы ұсынымдар береді, Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнамасында көзделген негізде және тәртіппен әкімшілік ықпал ету шараларын қолданады;
4) мемлекеттiк тiлдi және басқа тiлдердi дамытуға бағытталған облыстық маңызы бар шаралар кешенiн жүзеге асырады;
5) Ақтөбе облысының әкімдігі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының қызметiн қамтамасыз етедi;
6)жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
18. Құқықтары мен міндеттері:
«Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі өз құзыреті шегінде:
1) Қазақстан Республикасы тілдер туралы заңнамаларының
бұзушылықтарын жою жөнінде ұсынымдар беруге, тиісті органдарға Қазақстан Республикасының тілдер туралы заңнамаларын бұзған кінәлі лауазымды тұлғаларға тәртіптік жаза қолдану туралы ұсыныстар енгізуге;
2) мемлекеттік тілді насихаттауға және дамытуға бағытталған
мәдени - көпшілік іс-шараларды дайындау және өткізу мәселесі бойынша басқа мемлекеттік мекемелермен өзара іс-қимыл жасауға;
3) тұрғындардың хаттары мен өтініштерін белгіленген тәртіппен қарауға;
4) мемлекеттік органдар мен мекемелерден, ведомстволардан,
кәсіпорындардан және лауазымды тұлғалардан құзыреті шегінде ақпараттарды алуға және сұратуға;
5) Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасын одан әрі жетілдіру, мемлекеттік тіл саясатының тиімділігін арттыру, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту жөнінде ұсыныстар енгізуге құқығы бар.
«Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің міндеттері:
1) өз құзыретіне кіретін мәселелер бойынша Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңдарын сақтау;
2) өз құзыреті шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес міндеттерді жүзеге асырады.
3. Мемлекеттік органның қызметін ұйымдастыру
19. «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне басшылықты «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесіне жүктелген міндеттердің орындалуына және оның функцияларын жүзеге асыруға дербес жауапты болатын басшы жүзеге асырады.
20. «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің бірінші басшысын Ақтөбе облыс әкімі қызметке тағайындайды және қызметтен босатады.
21. «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі бірінші басшысының өкілеттігі:
1) «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жұмысын ұйымдастырады және басқарады, жүктелген қызметтер мен міндеттерді орындауға дербес жауап береді;
2) бөлімдердің ережелерін бекітеді, олардың қызметтері мен өкілеттіліктерін бекітеді;
3) бөлім басшыларын және бас мамандарды, мемлекеттік қызметші емес жұмысшыларды тағайындайды және босатады, мадақтау және оларға жазалау шараларын қолданады;
4) «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесін мемлекеттік органдарда және басқа мекемелер мен ұйымдарда, сонымен қатар Қазақстан Республикасының барлық соттарында «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүддесін бiлдiредi;
5) сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағытталған шаралар алады және сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауда жеке жауапкершілікте болады;
6) «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің барлық қызметшілері үшін міндетті болып табылатын бұйрықтар шығарады;
«Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға орындайды.
4. Мемлекеттік органның мүлкі
22. «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің заңнамада көзделген жағдайларда жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болуы мүмкін.
«Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мүлкі оған меншік иесі берген мүлік, сондай-ақ өз қызметі нәтижесінде сатып алынған мүлік (ақшалай кірістерді коса алғанда) және Қазақстан Республикасының заңнамасында тыйым салынбаған өзге де көздер есебінен қалыптастырылады.
23. «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі бекітілген мүлік коммуналдық меншікке жатады.
24. Егер заңнамада өзгеше көзделмесе, «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі өзіне бекітілген мүлікті және қаржыландыру жоспары бойынша өзіне бөлінген қаражат есебінен сатып алынған мүлікті өз бетімен иеліктен шығаруға немесе оған өзгедей тәсілмен билік етуге құқығы жоқ.
25. «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің мемлекеттік мүлікті басқару жөніндегі өкілетті органы «Ақтөбе облысының қаржы басқармасы» болып табылады.
5. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
26. «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесін қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
«Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесі және оның ведомстволарының қарамағындағы ұйымдардың тізбесі
«Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» мемлекеттік мекемесінің жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорыны.