Басқарма басшысы

Төлебаева Гүлайым Тельманқызы 1961 жылдың 25 сәуірінде Ақтөбе облысы Ойыл ауданы Ойыл селосында дүниеге келген.
1979-1983 жылы Ақтөбе педагогика институтын «неміс тілі мұғалімі» мамандығы бойынша түсіп, бітірген.
1988-1989 жылдары Мәскеу қаласында Орталық комсомол комитеті жанындағы Жоғары комсомол мектебін аяқтады, Жоғары саяси білімі бар.
2005-2007 жылы Қазақ гуманитарлық заң университетін сырттай оқу нысаны бойынша «заңтану» мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолын 1978-1979 жылдары Ойыл ауданы Соркөл сегіз жылдық мектебінің, 1983-1985 жылдары Ойыл ауданы Н.Крупская атындағы қазақ орта мектебінің неміс тілі пәнінің мұғалімі.
1985-1986 жылы Ойыл ауданы орыс орта мектебінің мектеп және класстан тыс жұмыс ұйымдастырушысы болып жасады.
1986-1989 жылы Ойыл аудандық комсомол комитетінің екінші хатшысы болып сайланды.
1989-1992 жылдары Ақтөбе облыстық комсомол комитетінің оқушы жастар және пионерлермен жұмыс жөніндегі хатшысы болып істеді.
1992-1997 жылдары- облыстық білім басқармасының бас маманы, 1997-2004 жылдары облыс әкімі аппаратының жалпы, құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімінің меңгерушісі.
2004 жылдың наурыз айынан бастап тамыз айына дейін Ақтөбе облысы бойынша тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың ономастикалық жұмыс және көрнекі ақпаратты қадағалау бөлімнің бастығы.
2004-2010 жылдары Мемлекеттік тілді дамыту жөніндегі облыстық басқарма бастығының орынбасары.
2010-2011 Облыстық тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту және үйлестіру жұмыстары бөлімінің бастығы.
2011 жылдың 23 қарашасынан бастап осы кезге дейін Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы.
Төлебаева Гүлайым Тельманқызының еңбек жолының басым бөлігі мемлекеттік қызметпен байланысты. Ұзақ және адал қызметі үшін ол Қазақстан Республикасы Білім (1997), Мәдениет және ақпарат министрліктерінің мақтау грамоталарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің (2001), облыс әкімінің (2008) алғыс хаттарымен, «Қазақ ССР оқу ісінің үздік қызметкері» атағымен (1997), «Тіл жаңашыры» қоғамдық бірлестігі мен республикалық ақпараттық-сараптамалық «Тіл» журналының «Тіл жаңашыры-2009» төсбелгісімен, «Қазақстан Республикасының Конституциясына 10 жыл» (2005ж), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» (2011ж), «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 25 жыл» (2016 ж.) мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісімен (2019ж) наградталды.