Жаңалықтар

31.03.2017
Атөбе облыстық ішкі істер департаментінің қызметкерлері Қазтест тапсырды

31 наурыз күні Қазақстан Республикасында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру аясында Ақтөбе облысының ішкі істер департаментінің қызметкерлері мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау мақсатында ҚАЗТЕСТ жүйесі бойынша диагностикалық тестілеуден өткізілді.
29.03.2017
Ақтөбе облысында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді

Облыс әкімінің 2017 жылғы 24 ақпандағы №34 қаулысымен Ақтөбе облысында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын іске асыру жөнінде 2017-2019 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.
28.03.2017
ҚАЗТЕСТ жүйесіне негізделген мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау сынағы басталды

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы және Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастырумен 2017 жылғы 27 наурыз - 2 сәуір аралығында Ақтөбе қаласында және Ойыл, Шалқар аудандарында ҚАЗТЕСТ жүйесіне негізделген мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау сынағын өткізеді. ҚАЗТЕСТ сынағына барлығы 3000 адамның қатысуы жоспарланған.
27.03.2017
Жүйелі жұмыс жалғасын табады

Қазақстан Республикасының 2015-2025 жылдарға арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясында сыбайлас жемқорлықпен күресу әрбір мемлекеттік орган басшыларының, ел азаматтарының міндеттері екендігі атап көрсетілген. 
27.03.2017
Қазақ тілін меңгеру талаптарын анықтайтын ұлттық стандарттар

Қазақстан Республикасындағы Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының ересектерге мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау міндетін іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасы Үкіметінің тапсырмасына сәйкес қазақ тілін меңгерудің коммуникативтік құзіреттілік талаптарын анықтайтын (ҚР СТ 1926-2009, ҚР СТ 1928-2009, ҚР СТ 1929-2009, ҚР СТ 1925-2009, ҚР СТ 1927-2009) мемлекеттік стандарттары 2009 жылы қолданысқа енгізілді.
24.03.2017
Басқарма қызметкерлері сенбілікке шықты

Сенбілікке қатысу – азаматтардың саналы қадамы, өз қаласын жақсартып, оны таза, әрі әдемі етуге ұмтылуы. Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының қызметкерлері де сенбілікке шықты. 
18.03.2017
Ақтөбе облысы мен Жамбыл облысының тілдерді дамыту басқармалары арасында меморандумға қол қойылды

"Ақтөбе облысындағы Жамбыл облысының күндері" аясында республикада тұңғыш рет тілдерді дамыту саласы бойынша ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде мемлекеттік тіл саясатының басым бағыттары бойынша тәжірибе алмасу, өзара іс-қимыл жасау мақсатында Ақтөбе облысы мен Жамбыл облысының тілдерді дамыту басқармалары арасында меморандумға қол қойылды. 
17.03.2017
Бейнеселекторлық кеңес өткізілді

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы аудан әкімінің әлеуметтік салаға жетекшілік ететін орынбасарларының, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімдері басшылары мен мамандарының қатысуымен бейнеселекторлық режимінде кеңес өткізді. Күн тәртібінде Ақтөбе облысында тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының орындалуы туралы мәселе қаралды. 
10.03.2017
Кісі есімдерін беруді түбегейлі шектеу жөнінде тапсырма берілді

Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігі тарапынан ономастика саласын жүйелендірудің жолдары нақтыланып, бірізділікті сақтайтын қағидалар белгіленді. Республикадағы көше, елді мекен атаулары қайта пысықталды.
09.03.2017
Ілеспе аудармашыларға арналған шеберлік кластарына шақырамыз!

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы ағымдағы жылы Ақтөбе қаласында екінші рет ілеспе аударма жүргізуді үйретудің шеберлік кластарын өткізеді.
07.03.2017
Басқарма ауған соғысында қаза тапқан жауынгерлердің аналарын құттықтады

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы ауған соғысында қаза тапқан жауынгер-интернационалистердің аналары Марченко Нина Ивановна және Амирова Күнімханды 8 наурыз - Халықаралық әйелдер күнімен құттықтады.
06.03.2017
Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының 2016 жылғы жұмыс қорытындылары мен 2017 жылға арналған міндеттері тыңдалды

2007 жылғы 6 наурызда облыс әкімі Б.Сапарбаевтың төрағалығымен өткен аппараттық мәжілісте «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының 2016 жылғы жұмыс қорытындылары және 2017 жылға арналған міндеттер» тақырыбында басқарма басшысы Г.Төлебаева есеп берді.
02.03.2017
Сот істерін мемлекеттік тілде жүргізу мәселелері талқыланды

Ақтөбе облыстық сотының ғимаратында «Сот істерін мемлекеттік тілде жүргізу мәселелері» тақырыбында судьялардың, прокуратура және адвокаттар алқасы өкілдерінің, жергілікті әкімдік, соның ішінде «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының» ММ-нің өкілдерінің, тергеу, әділет органдары мен мемлекеттік мекемелер, банктер мен БАҚ өкілдерінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді.
28.02.2017
Қоғамдық кеңес отырысында тіл мәселесі тыңдалды

28 ақпан күні "Нұр Отан партиясы" Ақтөбе облыстық филиалы өнер және мәдениетті дамыту мәселелері жөніндегі "Мирас" аймақтық қоғамдық кеңесінің отырысын өткізді. Қоғамдық кеңес отырысында облыстағы мемлекеттік тіл саясатының жүргізу барысы тыңдалды.
27.02.2017
Қате ілінген тақтайшаларға мониторинг жүргізілді

2017 жылы жеке тұлғадан әлеуметтік желі арқылы басқармаға түскен арызға сәйкес, «Сапар» автовоказалында қате ілінге тақтайшаларға мониторинг жұмыстары жүргізілді.

Беттер