Жаңалықтар

24.08.2017
Жариялылықтың ықпалы зор

Қай қоғамда да, қандай мемлекетте де сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес ең өзекті мәселелердің біріне айналды және солай болып қала бермек. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі жарияланған бастапқы сәттен-ақ Елбасы осыған назар аударып, батыл қадамдар жасады. ТМД елдерінің арасында бірінші болып бізде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заң қабылданды, арнайы мемлекеттік орган құрылды. Соның нәтижесінде жыл өткен сайын қоғам үшін қауіпті кеселді болдырмау және оны мүлде азайту жолындағы жұмыс ауқымы ұлғайып келеді. Халыққа қызмет көрсету орталықтары мен электронды қызметтер көрсету жүйесі жұртшылықтан кең қолдау тапты. Бұл тұрғылықты халықтың талап-тілектерін ешкімге жалынышсыз дер кезінде сапалы орындауға жол ашып отыр.
23.08.2017
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері талқыланды

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы аппаратының қызметкерлері арасында ҚР Мемлекеттік қызмет істері министрлігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментінің өкілі Е.Толыбаевтың қатысуымен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың өзекті мәселелері» түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тұруға және сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарға жол бермеуге тиіс екендігі ескертілді, сондай-ақ сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағандары үшін қылмыстық, әкімшілік және тәртіптік жазалардың түрлері түсіндірілді.
22.08.2017
Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасында мемлекеттік тілді білу деңгейін анықтау тестілеуі өтті

Бүгін 22 тамыз күні Ақтөбе қаласындағы ҚР ІІМ Ақтөбе облысының мамандандырылған күзет қызметі басқармасы мемлекеттік тілдің мәртебесін арттыру мақсатында өз қызметкерлерінің қазақ тілін меңгеру деңгейін анықтауға арналған ҚАЗТЕСТ тестілеуін тапсырды.Аталмыш мекеменің мемлекеттік тілдің бәсекелестікке тұрақтылығын арттыруға бағытталған іс-шаралары кезең сайын артып отыр. ҚАЗТЕСТ әдістемесі бойынша қазақ тілін оқыту курстарын жетілдіріп, байқау сынақтарын өткізіп келеді.
21.08.2017
Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институтының қызметкерлері Қазтест жүйесіне негізделген диагностикалық тестілеуден өтуде

2017 жылдың 21 тамызында Ақтөбе қаласындағы Т.Бигелдинов атындағы Әуе қорғаныс күштерінің әскери институтында Қазтест жүйесіне негізделген диагностикалық тестілеу өтуде. Тестке 170-ке жуық адам қатысуда.
21.08.2017
Қазтест жүйесіне негізделген диагностикалық тестілеу өткізілуде

Ақтөбе облысында 2017 жылдың 21 тамызынан бастап Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау бойынша Қазтест жүйесіне негізделген диагностикалық тестілеу өткізуде.  Қазіргі таңдағы өзекті мәселе – мемлекеттік тілді білу міндетті талап екенін ескере отырып, мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін анықтауға бағытталған шараларға алдағы уақытта да жалғасын табады.
21.08.2017
"Мектепке жол" - мерейлі шара

Республикалық «Мектепке жол» акциясы аясындағы игілікті іс-шараға Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы да белсене қатысып, балаларға қамқорлық көрсетуді үрдіске айналдырған. Осы орайда, басқарма ұжымы Ақтөбе қаласындағы №8 орта мектептің көп балалы отбасынан шыққан оқушысын биылғы оқу жылына қажетті киім-кешек, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, өзге де сый-сияпаттар табыстады.
18.08.2017
Елбасы латын әліпбиінің нұсқасын мамандармен талқылайды

Елбасы жақында латын әліпбиінің бір-екі нұсқасын мамандармен бірге қарайтындығын да жеткізді. «Латын әрпіне көшкенде біз орыс тілінен кетейін деген жоқпыз. Алып-қашпа сөзбен бұны кейбіреулер, саясаткерлер айтады. Әсіресе орыс тілінде. Әліпби тек қана қазақ тіліне байланысты мәселе. Ғылым менен техниканың көзі болып отырған, орыс тіліне көп аударылған барлығын ажыратпасақ меніңше біз байымаймыз, кедейленеміз. Сондықтан бұл жағынан айта кету керек. Бұл үлкен мәселе. Үлкен жұмыс атқарылып жатыр. Жақында мен бір-екі нұсқасын қарайтын боламын. Осымен шұғылданып жүрген ғалымдармен қарап бір жобаға тоқтайтын боламыз», – деді ҚР Президенті Н.Назарбаев.
17.08.2017
Тегін онлайн курстар

Тілді қашықтықтан оқыту – белгілі бір уақыт ішінде жазбаша және ауызша сөйлеуге дағдыландыратын, оқытудың заманауи, қолжетімді, әрі нәтижелі түрі. Онлайн курстар сабаққа қатысуға мүмкіншілігі жоқ тіл үйренушілер үшін өте ыңғайлы. Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы жанындағы Тілдерді оқыту орталығы мемлекеттік тілді мемлекеттік стандартқа, Бір үлгі бағдарламаға сәйкес қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі негізінде оқытады. Мемлекеттік тілді үйрету мақсатында www.til-aktobe.kz сайтында қарапайым (А1), базалық (А2), орта (В1) деңгейлерге арналған сабақтар орналастырылып, тіл үйренушілер сайтқа тіркелу арқылы қашықтан оқыту технологиясы бойынша дәріс алады.
16.08.2017
Балаларға - базарлық!

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы мектеп жасына дейінгі балалардың дүниетанымын дамытуға, тілдерді үйренуіне ықпал ету мақсатында үш тілдегі әдеби-танымдық «Күншуақ» журналын шығарып келеді. Журналдың «Ойнайық та, ойлайық», «Кішкентай қаламгерлердің туындылары», «Қазақ тілін үйренейік», «Ағылшын тілін үйренейік», «Қандай көркем – туған өлкем» рубрикалары балалардың тілін дамытуға, жетілдіруге, ой-сананы қалыптастыруға, шығармашылық, танымдық т.б. дағдыларын жетілдіруде маңызды рөл атқарады. Сонымен қатар, «Алтын сандық» ертегілер жинағы, «Мен үш тілде сөйлеймін» балаларға арналған үш тілдегі тілашар, «Ғажайып математика» атты халықтық элементтері бар ертегілер мен сандарға байланысты мақал-мәтелдерге арналған көмекші құрал шығарылды. Жергілікті телеарналарда «Біліп қой, балақай!», «Тәтті ұйықтайық!», «Кел, балалар, оқылық!» телехабарлары, 3-7 жастағы балаларға арналған мемлекеттік тілді оқытуға бағытталған анимациялық көп сериялы фильмнің алғашқы «Менің отбасым», «Әдептілік-әдемілік», «Кім болам?», «Астана – бас қала» атты 10 минуттан тұратын 4 сериясы жарыққа шықты.
15.08.2017
Тілге арнау өлеңдерге байқау жарияланады

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы 29 жасқа дейінгі жас ақындар арасында 15-25 тамыз аралығында тілге арнау өлеңдерге конкурс жариялайды. Конкурстың мақсаты: жас таланттарды қолдау, өлең құдіреті арқылы мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру.
Конкурс шарты:
1.@aktobe_tilder парақшасына тіркеліңіз, конкурс аяқталғанша дейін парақша ашық болуы тиіс;
2.Өз парақшаңызда осы пост репост жасалып, 5 досыңызды белгілеңіз;
3.Міндетті түрде # Тілім-тірегім хэштегін белгілеңіз;
14.08.2017
"Күншуақ" жаңа сандарымен қуантады

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен шығатын үш тілдегі "Күншуақ" журналының №3,4 сандары өз оқырмандарына қауышпақ. Журналдың жаңа сандарында әдеттегідей оқырман балалардың өлең, әңгімелері, суреттері, өнер, білімде белгілі бір жетістіктерге жеткен оқушылар туралы мақалалар болады. Сонымен қатар қазақ, орыс, ағылшын тілдерін үйренушілер үшін жаңа тақырыптар бойынша сөздік қорды толықтыруға мүмкіндік бар. Ақтөбенің жер-су атаулары, ұлы тұлғалары, аң-құс, өсімдіктері туралы да білімдеріңізді толықтыра аласыздар!
11.08.2017
Ақтөбе қаласы тұрғындарының арасында сауалнама жүргізілді

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы қала тұрғындарының көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерінің сауатты жазылуына көзқарасын айқындау мақсатында сауалнама жүргізді. Сауалнама төмендегідей сұрақтарды қамтыды. 
- Сіз көшедегі жарнамаларға мән бересіз бе? - Ондағы қателерді байқайсыз ба? - Жарнамалардың сауаттылығына көңіліңіз тола ма? - Сіз қалай ойлайсыз, қазақстандық жарнамалар тілдік нормаларға сәйкес пе?
10.08.2017
Үш /қазақ, орыс, ағылшын/ тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында байқау өтті

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Тілдерді оқыту орталығында тілдердің үштұғырлығын насихаттау, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтау мен қолдау мақсатында «Тіл шебері» атты облыстық конкурс өткізілді. Конкурста үш тілді меңгерген 21 мен 29 жас аралығындағы мемлекеттік қызметшілер бақ сынады. Қазылар алқасы үміткерлердің білімдерін бағалау кезінде тілдерді меңгеру деңгейіне, жауаптардың орамдылығы мен сапасына, үш тілде таза сөйлеуіне, сахналық мәдениетіне назар аударды.
09.08.2017
Облыста тілдерді үйренуге сұраныс, жинақталған іс – тәжірибе қоры, мемлекеттік тілді оқытуда қалыптасқан бірыңғай жүйе бар

Облысымыздың ересек тұрғындарына тілдерді оқытуды жүзеге асыратын «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» МКҚК қосымша білім беру нарығында он жылдан бері қызмет етіп келеді. Орталықтың Ақтөбе қаласындағы тілдерді оқытатын көптеген басқа да орталықтардан басты ерекшелігі – мемлекеттік, орыс тілдерін тегін оқытуы, облыстың бір кездері өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған 6 ауданында (Хромтау, Алға, Мәртөк, Қарғалы, Қобда, Мұғалжарда аудандары) жабдықталған оқыту кабинеттері, жеткілікті оқу - әдістемелік қоры, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралары, өзінің баспа өнімдері, ақпараттық кеңістікті игерудегі ашықтығы. «Тілдерді оқыту орталығы» МКҚК оқыту үдерісін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК енгізген Ұлттық стандарттына сәйкес «Қазақ тілін оқытуға арналған бірүлгі бағдарлама» (қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі) негізінде 5 деңгей бойынша жүзеге асырады.
08.08.2017
Лингвистикалық жазғы лагерь өз жұмысын бастады.

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ұйымдастыруымен қала мектеп оқушыларының арасында 2 апталық лингвистикалық жазғы лагерь өз жұмысын бастады. Лагерьдің мақсаты: оқушылардың тілдерді меңгеруге деген қызығушылығын арттыру, ынталандыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қоғамдық рөлін арттыру.

Беттер