Жаңалықтар

04.07.2017
«Латын әліпбиі – өркениет жазуы, өмір талабы»

Бүгін Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының «Тілдерді оқыту орталығында» Елбасы мақаласында айтылған «Рухани жаңғыру» бағдарламасының «Латын графикалық жүйеге көшу» 6-бағытын жүзеге асыру мақсатында арнайы ғылыми, эксперттік қауымдастығы, мүдделі ұйымдар өкілдерінен құрылған жұмыс тобының кеңесі өтті. Кеңесте топ мүшелері алда тұрған міндеттерді нақтылап, ұсыныстар мен пікірлерін ортаға салды.
01.07.2017
«Туған жерім – нұрлы елім!» акциясы

«Туған жерім – нұрлы елім!» акциясы Ақтөбе облысының 85 жылдығы аясында және Елбасы Н.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын орындауға бағытталған шара ағымдағы жылдың 1 шілдесінде Ақтөбе қаласында Ойыл ауданының күні өтті.
28.06.2017
Брифинг өтті

Бүгін Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Төлебаева «Ақтөбе Ақпарат» ақпараттық орталығында брифинг өткізді.
27.06.2017
Ақтөбе облысында кезекті Қазтест өтеді

2017 жылдың 21-25 тамыз аралығында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы Ақтөбе облысында ҚАЗТЕСТ жүйесіне негізделген мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау (диагностикалық) сынағын өткізеді.
27.06.2017
Ақтөбе облысында кезекті ҚАЗТЕСТ өтеді

2017 жылдың 21-25 тамыз аралығында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы Ақтөбе облысында ҚАЗТЕСТ жүйесіне негізделген мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау (диагностикалық) сынағын өткізеді.
26.06.2017
«МАҒЖАН КӨКТЕМІНІҢ» жүлдегерлері

Петропавл қаласында Солтүстік Қазақстан облыстық тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен қазақтың асыл перзенті, алты алаштың ардақтысы, ұлы ақыны Мағжан Жұмабаевтың шығармашылық мұрасын жүйелі түрде насихаттап, есімін ел есінде мәңгі сақтау мақсатында «МАҒЖАН КӨКТЕМІ» атты ІV республикалық өнер фестивалі өтті.
22.06.2017
Әріптес болған ардагерлерге құрмет

Бүгін біздің ұжым мемлекеттік қызметшілер күні қарсаңында өз өмірін аса маңызды миссияға – халыққа қызмет етуге арнаған, басқармада абыройлы еңбек еткен мемлекеттік қызметтің ардагерлерді шақырып, ыстық ықыласын білдірді. Өз істерінің терең білгірі, барлық күш жігерімен, білімі мен тәжірибесімен, қарапайымдылық пен байсалдылық қасиеттерімен басқармада қажырлы еңбек еткен Жанғабыл Қабақбаев пен Алмат Пангереевке еліміздің игілігі үшін атқарған еңбектерімен алдағы уақытта да абырой биігінен көріне беруіне ұжым тілектес болды.
22.06.2017
«Үздік мемлекеттік қызметші»

Қазақстан Президенті мемлекеттік органдардың қызметкерлерін Мемлекеттік қызметші күніне орай өткізілген конкурстағы жеңістерімен құттықтады. Жеңімпаздардың арасында әріптесіміз, Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының тілдерді дамыту және үйлестіру бөлімінің бас маманы Нұргүл Бертілеуова бар.
Нұрсұлтан Назарбаев мемлекеттік қызметтің миссиясы халыққа адал қызмет ету және еліміздің ұлттық мүддесін тиімді қорғай білу екенін атап өтті.
Мемлекеттік аппараттың үйлесімді жұмысы мықты әрі тәуелсіз Қазақстанды құруға септігін тигізді. Бүгінде еліміз әлемнің барлық жетекші рейтингінде сенімді түрде лайықты орындарға ие болуда. Экономиканың оң қарқыны сақталуда, қоғамдық келісім мен бірлік орнықты қолдауға ие, – деді Мемлекет басшысы.
Елбасы мемлекеттік қызметшілер елімізді дамытуға зор үлес қосқанын атап өтіп, ауқымды реформаларды іске асыруда мемлекеттік аппараттың маңызды рөл атқаратынына назар аударды.
Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның жаһандық бәсекеге қабілеттігін арттыру тұрғысынан мемлекеттік аппаратты жүйелі түрде трансформациялау жөніндегі шараларға ерекше тоқталды. Бәсекеге қабілетті мемлекеттік қызметті орнықтырмасақ, өркендеген Қазақстанды қалыптастыру жөніндегі басты мақсатымызға да қол жеткізе алмаймыз. Бұл орайда мемлекеттік қызметшінің абырой-беделін сақтау маңызды. Сіздер реформалардың бел ортасында жүрсіздер. Еліміздің табысқа жетуі мен гүлденуі көп жағдайда сіздердің жемісті жұмыстарыңызға байланысты. Сіздер алдағы уақытта да мемлекетке мүлтіксіз қызмет етіп, халқымызға адал еңбек ететіндеріңізге сенімдімін, – деді Елбасы. Әңгіме барысында Нұрсұлтан Назарбаев кездесуге қатысушылардың ел ішінде жүргізіліп жатқан реформалар мен рухани жаңғырудың негізгі бағыттарын іске асыру барысы туралы пікірін білді.
21.06.2017
Үздік мемлекеттік қызметші

23 маусым – мемлекеттік қызметшілер күні. Мемлекеттік қызмет – әрбір ел үшін өте маңызды институт. Елдің өсіп-өркендеуіне, гүлденуіне мемлекеттік қызметшілердің қосар үлесі зор. Соған орай бүгін М.Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университетінің А.Досжанова атындағы конференц-холда Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері күніне арналған салтанатты шарасы өтті. Кәсіби мерекелік шарада облыс басшысы Б.Сапарбаев жергілікті атқарушы органдардағы үлгілі мемлекеттік қызметі үшін «Үздік мемлекеттік қызметші» төсбелгісін тапсырды. Марапатталғандардың қатарында басқарманың ономастикалық жұмыстар және талдау бөлімінің басшысы Ұлболсын Нәдірбековада ие болды.
19.06.2017
«Көркем тіл – көрікті жарнама» насихат жұмыстары жүргізілуде

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен «Нұрлы Аллем» жастар қоғамдық бірлестігі мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Заңының 21-бабын түсіндіру-насихат жұмыстарын жүргізуде. Ағымдағы жылдың 16 маусымында халыққа қызмет көрсету орталықтарында, банкілерде және т.б. орындарда «Көрнекі ақпарат – тіл тазалығының айнасы» атты буклеттер тегін таратылды. Аталмыш буклеттің мақсаты жарнама саласында Қазақстан Республикасының тіл туралы заңнамасының сақталуына негіз болу, атап айтқанда көрнекі ақпараттарда кездесетін қателерді жоюға, көрнекі ақпараттың сауатты жазылуына, атап айтқанда, жарнама мәтіндерінде грамматикалық және стилистикалық қателердің болмауына көмек беру.
17.06.2017
«Туған жерім – нұрлы елім!» акциясы

«Туған жерім – нұрлы елім!» акциясы Ақтөбе облысының 85 жылдығы аясында және Елбасы Н.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын орындауға бағытталған шара ағымдағы жылдың 17 маусымында Ақтөбе қаласында Қарғалы ауданының күні өтті.
12.06.2017
«Туған жерім – нұрлы елім!» акциясы

Ағымдағы жылдың 10 маусымында Ақтөбе облысының 85 жылдығы орай және Елбасы Н.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын орындауға бағытталған «Туған жерім – нұрлы елім!» акциясы аясында Ақтөбе қаласында Темір ауданының күні өтті. Шара барысында басқарма тарапынан қазақ халқының тәуелсіздігі жолында күрескен батыр, әрі би Назар Сәңкібай батырдың ескерткішіне гүл шоқтары қойылып, саябағында батырдың өмірбаяны мен суреті бейнеленген күнтізбеліктер жиналған қала жұртшылығына таратылды.
09.06.2017
Онлайн режимнде семинар өтті

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті 2017 жылдың 9 маусымында «Мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттауды іске асыру жолдары» тақырыбында республикалық онлайн семинар өткізді.Семинар барысында онлайн режимі арқылы мемлекеттік тілді оқыту әдіснамасын жетілдіру мен стандарттау жолдарын жүзеге асыру қарастырылды.
07.06.2017
«Атаулар сыр шертеді» жобалар байқауына қатысушылардың облыстың жоғары оқу орындарының, колледждердің студенттеріне, мектеп оқушыларына Ү Н Д Е У І

Біздер, Ақтөбе облысының жер-су, елді мекендердің атауын, олардың пайда болуын, сан мыңдаған жылдардан бері қарайғы шығу тарихының атауларын зерттеушілер облыстың ЖОО, колледждер студенттерін, орта мектеп оқушыларын ағымдағы жылдың қазан айында қорытындыланатын «Жер-су атауларының сырлары – халық өмірі» акциясына қатысуға шақырамыз. Акцияның мақсаты – өскелең ұрпақтың облыс орталығының жер-су, елді мекендерге берілген атаулар туралы білімдерін кеңейтіп, жастарды жер-су атауларының тарихын зерттеуге жұмылдыру. Ақтөбе облысындағы топонимикалық атаулардың тарихы, шығу тарихы т.б туралы ғылыми тұрғыда зерттеп, арнайы сайт арқылы насихаттау, ғылыми тұжырымдар жасау, сонымен қатар идеологиялық тұрғыдан ескірген, қайталанған атауларды тарихи жер-су атаулары және ұлттық танымға жақын дәстүрлі атауларды зерттеу.
06.06.2017
«Он екі баптан үлгі алған» республикалық жазба ақындар мүшәйрасы қорытындыланды

Маңғыстау облыстық тілдерді дамыту архивтер мен құжаттама басқармасы ұйымдастыруымен ақын-жырау Ұзақбай Қазжанұлының 120 жылдық мерейтойына орай өткен «Он екі баптан үлгі алған» атты республикалық жазба ақындар мүшәйрасында облысымыздың намысын қорғаған алғалық Аймағамбетов Асхаттың бағы жанды. Ол елуге тарта ақын қатысқан бәйгеде екінші орынды еншіледі. Қаламы жүйрік жас ақын 1989 жылы Ақтөбе облысы, Ырғыз ауданы, Жайсаңбай ауылында дүниеге келген.

Беттер