Жаңалықтар

10.08.2017
Үш /қазақ, орыс, ағылшын/ тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілер арасында байқау өтті

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Тілдерді оқыту орталығында тілдердің үштұғырлығын насихаттау, үш тілді – қазақ, орыс және ағылшын тілдерін жетік меңгерген мемлекеттік қызметшілерді анықтау мен қолдау мақсатында «Тіл шебері» атты облыстық конкурс өткізілді. Конкурста үш тілді меңгерген 21 мен 29 жас аралығындағы мемлекеттік қызметшілер бақ сынады. Қазылар алқасы үміткерлердің білімдерін бағалау кезінде тілдерді меңгеру деңгейіне, жауаптардың орамдылығы мен сапасына, үш тілде таза сөйлеуіне, сахналық мәдениетіне назар аударды.
09.08.2017
Облыста тілдерді үйренуге сұраныс, жинақталған іс – тәжірибе қоры, мемлекеттік тілді оқытуда қалыптасқан бірыңғай жүйе бар

Облысымыздың ересек тұрғындарына тілдерді оқытуды жүзеге асыратын «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» МКҚК қосымша білім беру нарығында он жылдан бері қызмет етіп келеді. Орталықтың Ақтөбе қаласындағы тілдерді оқытатын көптеген басқа да орталықтардан басты ерекшелігі – мемлекеттік, орыс тілдерін тегін оқытуы, облыстың бір кездері өзге ұлт өкілдері көп шоғырланған 6 ауданында (Хромтау, Алға, Мәртөк, Қарғалы, Қобда, Мұғалжарда аудандары) жабдықталған оқыту кабинеттері, жеткілікті оқу - әдістемелік қоры, мемлекеттік тіл саясатын жүзеге асыруға бағытталған іс-шаралары, өзінің баспа өнімдері, ақпараттық кеңістікті игерудегі ашықтығы. «Тілдерді оқыту орталығы» МКҚК оқыту үдерісін Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің «Ұлттық тестілеу орталығы» РМҚК енгізген Ұлттық стандарттына сәйкес «Қазақ тілін оқытуға арналған бірүлгі бағдарлама» (қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесі) негізінде 5 деңгей бойынша жүзеге асырады.
08.08.2017
Лингвистикалық жазғы лагерь өз жұмысын бастады.

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберінде ұйымдастыруымен қала мектеп оқушыларының арасында 2 апталық лингвистикалық жазғы лагерь өз жұмысын бастады. Лагерьдің мақсаты: оқушылардың тілдерді меңгеруге деген қызығушылығын арттыру, ынталандыру, жан-жақты дамыған, бәсекеге қабілетті тұлға тәрбиелеу, мемлекеттік тілдің қоғамдық рөлін арттыру.
01.08.2017
Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының қызметкерлері сертификат алды

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы жанындағы "Тілдерді оқыту орталығында" «Мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру өңірлік орталығының» 22 қызметкері ағылшын тілінен базалық деңгей бойынша оқыту курсын аяқтап, қорытынды сынақ тапсырды. Тыңдаушылар сынақ нәтижелеріне ризашылықтарын білдірді. Сондай-ақ олар ағылшын тілін ары қарай өз беттерімен үйренуге, білімдерін молайтуға ниетті екендіктерін байқатты.
31.07.2017
Ақтөбе облысының Статистика департаменті қызметкерлері ағылшын тілін үйренуде

2017 жылғы 24 мамырда Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы жанындағы "Тілдерді оқыту орталығында" Ақтөбе облысының Статистика департаменті қызметкерлері ағылшын тілі А1-қарапайым деңгейі бойынша оқыту курсын бастаған болатын. Тыңдаушылар саны 50 қызметкерден тұратын топ ағылшын тілін меңгеруде зор ынталарымен, белсенділіктерімен ерекшеленуде.
28.07.2017
«Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме» журналының №3 саны өз оқырмандарына жол тартады

«Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» МҚКК тілдерді оқытудағы жаңашылдықты, озық іс – тәжірибені (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен сабақ әзірлемесін), креативті педагогикалық ойларды (тілдерді оқыту бойынша мақалаларды) көпшілікке насихаттау мақсатында «Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме» ақпараттық-әдістемелік журналын шығаруды жалғастыруда. 3 айда 1 рет шығарылатын журналдың үшінші саны (№3) 2017 жылғы 29 қыркүйекте өз оқырмандарына жол тартады. 
27.07.2017
Ақтөбе облысында кезекті Қазтест өтеді

2017 жылдың 21-25 тамыз аралығында Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Ұлттық тестілеу орталығы Ақтөбе облысында ҚАЗТЕСТ жүйесіне негізделген мемлекеттік тілді меңгеру деңгейін бағалау (диагностикалық) сынағын өткізеді.
26.07.2017
Деректемелер мен көрнекі ақпараттардың сауаттылығы мәселесіне қатысты семинар-тренинг өтті

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс шеңберіндегі тапсырысымен инновациялық технологиялар арқылы демократияны оқыту орталығы деректемелер мен көрнекі ақпараттардың сауаттылығы мәселесіне қатысты семинар-тренинг ұйымдастырды. Семинар-тренингтің мақсаты: жарнама мәдениетін дамыту, Қазастан Республикасының «Тілдер туралы», Заңдарының талаптарына көрнекі ақпарат пен жарнама мәтіндерін сәйкестендіру, жарнама дайындау барысында қазақ тілінің нормасының сақталуына насихаттау.
24.07.2017
2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша облыстағы тілдік ахуал туралы 2016 жылдың осы кезеңімен салыстырмалы ақпарат

Облыста «Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын» жүзеге асыру мақсатында ауқымды шаралар жүзеге асырылуда. Мемлекеттік тілді көпшіліктің кеңінен қолданылуына бағытталған мемлекеттік әлеуметтік тапсырыстың үлесі (жыл сайын 10%) көрсеткіші 2017 жылдың 1-жартыжылдығында 6,8%-ды құрап отыр(2016 жылдың 1-жартыжылдығы – 4%). Атап айтқанда мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс арқылы «Көркем тіл – көрікті жарнама» жобасы аясында«Көрнекі ақпараттар мен жарнамаларға қойылатын заң талаптары», «Көрнекі ақпараттар мен жарнамаларды ресімдеу» тақырыптарында роликтер әзірленіп ротацияланды.
21.07.2017
Жемқорлықпен күрес басты мақсат

Сыбайлас жемқорлық - заман ағысымен бірге өсіп-өркендеп, мол қаражат және қоғамдық бәсекелестік пайда болған жерлерге тамырын жайып, бүгінгі күнге дейін жойылмай отырған кеселдің бірі. Бұл кеселмен, біздің жас мемлекетіміз де басқа дамушы елдермен бірге жемқорлықпен күресіп келеді.Қазақстан – ТМД елдерінің ішінен бірден-бірі болып жемқорлыққа қарсы заңнамаларды қабылдап, осы мәселе бойынша халықаралық конверсияға қосылды. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» Заңы азаматардың құқықтар мен бостандықтарын, сыбайлас жемқорлық көріністерінен туындайтын қауіп-қатерден еліміздің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге,сондай-ақ жемқорлықпен байланысты құқықбұзушылықты анықтау, жолын кесу, ашу және тергеп-тексеру және олардың салдарларын жою арқылы мемлекеттік органдардың, оған теңестірілген тұлғалардың қызметін тиімді жүзеге асыруын қамтамасыз етуге бағытталған.
20.07.2017
Облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысы өтті

Бекітілген жұмыс жоспарына сәйкес облыс әкімінің орынбасары Е.Нұрғалиевтің төрағалығымен облыс әкімі жанындағы облыстық ономастика комиссиясының кезекті отырысы 2017 жылдың 20 шілде күні өтті. Күн тәртібіндегі Мұғалжар, Шалқар аудан әкімдіктері ұсынған құжаттар негізінде қорытындылар алынды. Сонымен бірге, «Ақтөбе қаласы әкімдігінің ономастика жұмыстарын ұйымдастыру бағытында атқарған жұмысы туралы» Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары Л.Уразбаеваның есебі тыңдалды.
12.07.2017
Кісі есімдерін беруге шектеу қойылды

Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың 2017 жылғы 28 ақпандағы № 17-388-5 тапсырмасымен объектілерге, әкімшілік-аумақтық бірліктерге және олардың құрамдас бөліктеріне атау беру жөніндегі мораторийді алу, кісі есімдерін беруге шектеу қою, оларға ұлттық-дәстүрлі атаулар беру бекітілген. Осыған байланысты ономастикалық саладағы атау беру аталмыш тапсырмаға сәйкес жүргізіледі.
Ономастикалық жұмыстар және талдау бөліміне 2017 жылдың І жартыжылдығында жеке тұлғалардан көше, объектілерге кісі есімдерін беру туралы барлығы 19 арыз-ұсыныстар түсті. Оның ішінде жеке тұлғалардан – 16, заңды тұлғалардан – 3 ұсыныс келіп, олардың барлығына заңнамалық тәртіпте жауап жолданды. Ауызша 10 ұсынысқа байланысты заң талаптары түсіндірілді.
11.07.2017
Қатесіз көрнекі ақпарат – қала келбеті!

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы сыртқы жарнама мен көрнекі ақпараттарды бақылауды қолданыстағы Тіл туралы заңның 25-2 бабының 2-1) тармағына сәйкес жүргізіп келеді.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тіл туралы» Заңының 21-бабының орындалуын бақылау мақсатында апта сайын облыс орталығында бақылау рейдтері ұйымдастырылып тұрады. 2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша қаладағы 210 нысан қаралды. Сонымен қатар басқармаға келіп түскен 37 жеке кәсіпкерлер мен жарнама агенттіктері жарнамалар мәтіндерінің тілдік нормаға сәйкес ресімделуіне тегін әдістемелік көмек ұйымдастырылды. Одан басқа басқарма тарапынан мәтіндерді келісудің баламалы тәсілдері қолданылады. Атап айтқанда, бөлімнің электронды поштасына көрнекі ақпараттарына келісім беру және орыс тіліндегі мәтіндерін аударып беру жөнінде 325 өтініш түсіп, түгелдей қанағаттандырылды. Жоғарыда атқарылған жұмыстардың нәтижесінде көрнекі ақпарат және жарнама саласында заң бұзушылық үлесі азаюда. Көрнекі ақпаратты бақылау бойынша 2017 жылдың І жартыжылдығы бойынша 101 заң бұзушылық анықталып, аталған бұзушылықтарды жою туралы ұсыныстар берілді, әдістемелік көмек көрсетілді. 64 бұзушылық түзетілді. Түзетіліп берілуі нәтижесінде көрнекі ақпараттардағы қателер үлесі 2016 жылмен салыстырғанда 3%-ға азайды.
10.07.2017
«Көше атауы тарихы» мерекесі

«Туған жерім – нұрлы елім!» акциясы Ақтөбе облысының 85 жылдығы аясында және Елбасы Н.Назарбаевтың «Мәңгілік Ел» ұлттық идеясын, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласын орындауға бағытталған шара ағымдағы жылдың 14 шілдесінде Ақтөбе қаласында Әйтеке би ауданының күні өтеді. Шара аясында қала тұрғындарының туған қаласына, өзі тұрып жатырған көшесіне деген мақтаныш сезімдерін тәрбиелеуге, патриоттық сезімдерін оятуға бағытталған әр ауданның белгілі тұлғасы, елге, өңірдің дамуына, мәдениетіне, тарихына үлесін қосқан азаматтардың есімдерін насихаттау мақсатында «Көше атауы тарихы» мерекесін өткізу жоспарланған еді. Осыған орай Ақтөбе қаласындағы Әйтеке би көшесінде «Аталы сөз иесі Әйтеке би» көше мерекесі өткізіледі.
04.07.2017
Нұргүл - «НұрОтан» партиясында

Елордада «Нұр Отан» партиясы Астана күніне орай азаматтарды партия қатарына қабылдады. Салтанатты шарада 18 талантты жас қазақстандық «Нұр Отан» мүшесі атанды. Олардың әрқайсысы өз ісінің шебері. Жастарды Президент партиясының қатарына өтулерімен құттықтаған «Нұр Отан» партиясы Төрағасының Бірінші орынбасары Мұхтар Құл-Мұхаммед мұндай айтулы сәттің Астана күнімен тұспа-тұс келуі тегін емес екеніне назар аударды. «Бүгін Елбасымыз Астана төрінде бәріміз үшін қасиетті құндылық саналатын көк туымызды көтеріп, үлкен мерекенің басталғанын паш етті. Биылғы Астана күні бұрынғылардан ерекше. Ол әрине бүкіл әлемнің назарына ударған ЭКСПО халықаралық көрмесімен тікелей байланысты.

Беттер