Жаңалықтар

20.10.2017
Тарихи маңызды жоба

Егер жаңғыру елдің ұлттық-рухани тамырынан нәр ала алмаса, ол адасуға бастайды.
Елбасы «Рухани жаңғыру» бағдарламасында «Туған жердiң әрбiр сайы мен қырқасы, тауы мен өзенi тарихтан сыр шертедi. Әрбiр жер атауының төркiнi туралы талай-талай аңыздар мен әңгiмелер бар. Әрбiр өлкенiң халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есiмдерi ел есiнде сақталған бiртуар перзенттерi бар. Осының бәрiн жас ұрпақ бiлiп өсуге тиiс»,-дей келе жергiлiктi билiкке «Туған жер» жобасын жинақылықпен және жүйелiлiкпен қолға алуды тапсырды.
18.10.2017
Игі жоба – биік мақсат

Бүгінде ұлттық сананы жаңғыртуға негізделген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» базалық бағыты бойынша ұзақ мерзімді «Туған өлке», «Атаулар сыр шертеді» кіші жобалары енгізілді.
17.10.2017
УАҚЫТПЕН ҮНДЕСКЕН ЖАҢҒЫРУ

Мемлекет басшысы «Болашаққ абағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламасында латын әліпбиіне көшуге кірісуіміз керектігін айтып өткен болатын. Осыған орай, «Өрлеу» орталығының Ақтөбе филиалында «Латын әліпбиіне көшу - қазақ тілінің жаңғыруы» тақырыбында 2017 жылдың 17-қазаны күні Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы Қ.Н.Сұлтаналин, Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университеті филология ғылымдарының кандидаты, доцент М.О.Миров және облыс педагогтерінің қатысуымен пікірлесу алаңы өткізілді.
13.10.2017
Кезекті рейд қорытындысы

Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы Тіл туралы» Заңының 21-бабының орындалуын қадағалау мақсатында рейдтер жүргізіліп келеді.
11.10.2017
«ҰЛТ РУХАНИЯТЫ- ҰРПАҚ АМАНАТЫ»

Ақтөбе облыстық планетариінде 10 қазан күні Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» мақаласы аясында «Ұлт руханияты- ұрпақ аманаты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.
11.10.2017
Көрнекі ақпарат пен жарнама тілінің сауаттылығы – басты назарда

Адам ақпаратты сезім мүшелері арқылы қабылдайды. Ғалымдардың деректері бойынша біз ақпараттың 81%-ын – көру арқылы, 10%-ын – есту, 4%-ын – иіскеу, 3%-ын – дәм сезу арқылы аламыз. Олай болса адамның танымына ерекше әсер ететін жарнамалар мен көрнекі ақпараттар тілінің сауаттылығы, бейнелік ақпарат мәтіндерінің тілдік нормаға сай жазылуы – қоғам үшін аса маңызды. Сондықтан бұл мәселе – ономастикалық жұмыстардың бір бағыты болып табылады.
10.10.2017
«Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме» ақпараттық-әдістемелік журналының 3 саны жарық көрді

«Тілдердіоқыту: ізденіс және әдістеме» ақпараттық-әдістемелік журналының үшінші саны (№3) өз оқырмандарына жол тартты. «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» МКҚК тілдерді оқытудағы жаңашылдықты, озық іс – тәжірибені (тіл ғалымдарының ізденіс жұмыстары, педагогика мамандарының әдістемелік мақалалары мен қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндерінен сабақ әзірлемесі), креативті педагогикалық ойларды (тілдерді оқыту бойынша мақалаларды) көпшілікке насихаттау жолында 2014 жылдан бастап «Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме» ақпараттық-әдістемелік журналын шығарып келеді.
09.10.2017
Көше мерекесі аталып өтті

Ағымдағы жылдың жетінші қазанында «Туған жерім - нұрлы елім!» акциясы аясында Ақтөбеде Алға ауданының күндері болып бекітілуіне орай Есет батыр көшесіндегі «Мәңгілік алау» маңында «Ел қорғаған ер Есет» атты көше мерекесі ұйымдастырылды.
06.10.2017
"Күншуақпен" бірге болыңыздар!

"Күншуақ" журналы – үш тілде шығатын және облысқа тарайтын балалар басылымы. Әсем безендірілген суреттерімен, шығармаларымен, ғылыммен ғаламның қызықты деректерімен жас бүлдіршіндерді сиқырлы әлемге жетелейтін журнал.
05.10.2017
Ономастика тынысы 

Облыстағы ономастикалық ахуалды біріздендіру мақсатында мониторинг жұмыстары үздіксіз жүргізіліп отырады.
03.10.2017
Ономастика: ұлттық танымға бетбұрыс

«Мемлекет пен ұлт құрыштан құйылып, қатып қалған дүние емес, үнемі дамып отыратын тірі ағза іспетті». Уақыт өте келе ұлттық құндылықтарымыздың құны артып, рухани жаңғырып келеміз. Елбасының жыл басында жарияланған «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында қазақ халқының көне мұралары мен ұлттық кодын сақтау жан-жақты талқыланған болатын. Ұлттық код – ең алдымен, тілде десек, ал одан туындайтын маңызды бағыттың бірі – ұлттық ономастика, оның жай-күйі. Осы орайда Ақтөбе өңірінде бірталай игі бастама қолға алынып, күн тәртібіне идеологиялық тұрғыдан ескірген атауларды тарихи атаулар мен дәстүрлі атауларға өзгерту және кісі есімдерін беруге шектеу қою міндеті қойылды.
28.09.2017
Форум аясында латын қарпіне көшу бағыты бойынша жұмыстардың тұсаукесері өтті

«Туған жер» форумы аясында «Рухани жаңғыру» бағдарламасының мемлекеттік тілдің латын графикасына көшу бағыты бойынша түсіндіру жұмыстарының презентациясы өткізілді. Шараға форум қонақтар,облыс әкімдерінің әлеуметтік мәселелер жөніндегі орынбасарлары, ішкі саясат басқармаларының басшылары қатысты.
27.09.2017
Латын әліпбиіне көшуді жүзеге асыру принциптері қандай?

Латын жазуына көшуді жүзеге асыру принциптері келесідей:- Адам және азаматтың негізгі құқықтары менбостандықтарын сақтау. Қазақстанда тұратын барлық этникалық топтар қызығушылықтарын ескеру;- Кезеңділік. Бірінші жылы мектеп оқулықтары қайта басылып шығарылады, екінші жылы БАҚ-мен жұмыс жүргізіледі, үшінші жылы хабарландырулар, маңдайша жазулар және т.б. латын әліпбиіне ауыстырылады. Осылайша, жаңа әліпбиге көшу кешенді және қиындықсыз жүргізілмек.- Барлық мақсатты аудиториялармен жұмыс. Жаңа әліпбиге үйрету тек мектеп пен балабақшаларда ғана жүзеге асырылмайды, сонымен бірге ересектерге де үйрету жұмыстары жүргізіледі.
27.09.2017
Латын әліпбиіне көшуді табысты жүзеге асыру жолында мемлекет алдына қандай міндеттер қойылған?

Қазақ жазуын латын графикасына табысты көшіру мақсатында мемлекет тарапынан келесідей міндеттер қойылған:- лингвистер зерттеулері мен пікірлеріне негізделген қазақ тілін латын графикасына көшірудің нақты кестесін әзірлеу;- қолданыстағы механизмдерді пайдалануға мүмкіндік беретін шетелдік тәжірибені зерттеу, сонымен қатар жоспарды жүзеге асыру барысында мүмкін қауіптердің алдын алу;- қазақ тілінің алуан түрлілігі мен барлық ерекшеліктерін барынша ескере отырып, қазақ әліпбиінің жаңа графикадағы бірыңғай бірсарынды нұсқасын қабылдау;- жаңа әліпбиді оқытушы кадрлар мен орта мектептер үшіноқулықтарды даярлауды бастау;
26.09.2017
"Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту" тақырыбында пікірталас турнирі өтті

"Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының тапсырысымен "Инновациялық технологиялар арқылы демократияны оқыту орталығы " Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінде "Қазақстандық бірегейлік пен бірлікті нығайту және дамыту" тақырыбында пікірталас турнирін өткізді. Турнирге Ақтөбе қаласындағы жалпы білім беретін мектептердің оқушылары, мұғалімдері, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының студенттері, оқытушылары қатысты. Турнир қатысушылары қазақ, орыс, ағылшын тілдерінде пікір таластырды. Назарбаев зияткерлік мектебі, №9 мектеп-гимназия, №20 лицей үш тілде де пікір таластыратын командаларын қатыстырды. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік өңірлік университетінің студенттері төрешілер ретінде қатысып, "Латын графикасына көшу – тіліміз үшін жасалған игі қадам" тақырыбында пікірталас үлгісін көрсетті.

Беттер