Жаңалықтар

21.11.2017
Аты-жөнімізді дұрыс жазып жүрміз бе?

Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы - ұлттық рух пен ұлттық сананың кемелденуіне, ұлттық салт-дәстүріміз бен тілімізді, мәдениетімізді сақтауға, бағалауға, бағалай отырып, жаңғырта дамытуға үндейтін бастау. Рухани жаңғыру қарапайым аты-жөнімізді ұлттық болмысымызды көрсететіндей етіп дұрыс рәсімдеуден басталады. Себебі ұлт келбетінің бір көрінісі-ұлттық есімдерде жатыр. Кісі аттарының бүгінгі ахуалы дәстүрлі негізге сай қалыптасуы керек. Ол ғылымға негізделе отырып жүзеге асады. Себебі, қазақ антропонимдерінің қазіргі жай-күйі мен болашақ бағыт-бағдары жөніндегі кейбір өзекті мәселелер теориялық және практикалық жағынан жан-жақты талдауды қажет етеді.Сол себепті антропонимика саласы бойынша халық арасында қазақ есімдерінің дұрыс аталуына үгіт-насихат жүргізілуі қажет.
17.11.2017
«Тіл жаңғыруы: қазақ тілінің жаңа әліпбиі және жаhандық білім беру кеңістігі»

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы жанындағы Тілдерді оқыту орталығының ұйымдастыруымен қазақ тілінің латын графикасына негізделген жаңа әліпбиін көпшілікке түсіндіру және кеңінен танымал ету, жаhандық білім беру кеңістігіне енуде көптілділіктің маңызы туралы пікірлесу мақсатында«Тіл жаңғыруы: қазақ тілінің жаңа әліпбиі және жаhандық білім беру кеңістігі» тақырыбында облыстық семинар өткізілді.
16.11.2017
Латын әліпбиіне көшу - болашақ биігі

Ағымдағы жылдың 26 қазанында Елбасы мемлекеттік тіл әліпбиінің латын графикасындағы бірыңғай стандартын бекіткен болатын. Жаңа әліпбиге көшу шараларын кезең-кезеңмен жүргізу тапсырылған. Толық көшу 2025 жылға жоспарланып отыр. Латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің енгізілуі ономастика мәселесіне де оң ықпал ететін болады. Ономастикалық атаулар - тілдік қордың маңызды бөлігі. Сондықтан латын әліпбиіне көшу процесінде ономастикалық атаулардың дұрыс жазылуы жіті назарда болуы керек.
15.11.2017
«Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуінің басымдықтары неде?»

Алға аудандық әкімдігінің ұйымдастыруымен 15 қарашада «Қазақ тілінің латын әліпбиіне көшуінің басымдықтары неде?» атты кеңес өтті.
15.11.2017
Қазақ тілі әліпбиін латын графикасына көшіру бойынша атқарылған жұмыстар және алдағы уақытта тұрған міндеттер туралы

Ақтөбе облысының әкімі Бердібек Сапарбаев 2017 жылдың 13 қарашасы күні қазақ алфавитін латын әліпбиіне көшіру мәселесі бойынша жиналыс өткізді. Талқылауға қоғам қайраткерлері, тіл білімі саласының ғалымдары мен сарапшылар, жоғары және арнаулы орта оқу орындарының басшылары қатысты.
14.11.2017
«Үздік сабақ» байқауының жүлдегері

Мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру мақсатында «Тіл әлемі» порталы ағымдағы жылдың 4 тамыз – 7 қыркүйек аралығында «Үздік сабақ» байқауын жариялады.
13.11.2017
Латын әліпбиі – жарқын болашақ кепілі

Қазақ әліпбиін латын графикасына көшіру – еліміздің ғылыми, рухани, саяси тұрғыдан заман талабына сай болуы, әлемдік өркениетке жол ашып, қоғамдық сананы жаңғыртатын үлкен қадам. Бұл шешім әрбір ел азаматының әрқайсысының тағдыры мен ұрпақ болашағы, тіл модернизациясына маңызды болып табылуына байланысты.
09.11.2017
Көпшілік тыңдауында - ономастикалық ахуал

8 қараша күні бейнеселекторлық режимде облыстағы ономастикалық ахуал жөнінде семинар өтті.
06.11.2017
Еленген еңбек

Қазақстан Республикасы халқының тілдері күні мерекесіне орай «Тіл әлемі» порталы мемлекеттік тілді оқытудың әдістемесін жетілдіру мақсатында республика бойынша тілдерді оқыту орталықтарының оқытушылары мен әдіскерлері, мектеп мұғалімдері мен сала мамандарының арасында «Үздік сабақ» байқауын жариялаған болатын.
06.11.2017
Онлайн режиміндегі семинар

Ақтөбе облысында жүйелі шараларды жүзеге асыру арқасында тұрақты ономастикалық ахуал қалыптасуда. Облыс топонимиясын зерттеу, облыстық топонимия кеңістігі қорын қалыптастыру, байырғы тарихи-географиялық атауларды қалпына келтіру және облыстық ономастикалық комиссия жұмысын үйлестіру шаралары үздіксіз жүргізілілуде.
31.10.2017
Ономастика тақырыбындағы пікірталас қорытындысы

2017 жылдың 28 қазан күні Ақтөбе облысы тілдерді дамыту басқармасының әлеуметтік тапсырысы аясында студенттерден құралған командалар арасында «Жер мен көше атауы – елдіктің айнасы» тақырыбында пікірталас турнирі өткізілді.
26.10.2017
Асқақ атау - Астана

Астана атауы – бүгінде брендке айналып келеді. Елімізде Астана атауымен аталатын көшелер, нысан, ұйымдардың атаулары көптеп кездеседі. Астана қаласының өзі де көркеюде. «ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесі сәтті аяқталды. Келер жылы Астананың 20 жылдық мерейтойын тойлайтын боламыз.
24.10.2017
Ономастикалық атаулар және латын графикасы

Бүгінгі таңда қызу талқыға түсіп, жалпыхалықтық қолданысқа түсу үшін сұрыпталып, өңделіп жатқан латын графикасына негізделген қазақ әліпбиінің нұсқалары ұсынылып жатыр. Кейбіреулер латын графикасына көшу арқылы өркениетті елдермен иық теңестіреміз десе, енді біреулер кемшін тұстарын айтып өз ойларын білдіруде.
24.10.2017
«Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» республикалық конкурсы

Ағымдағы жылдың 27 қазанында Тараз қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігі Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті мен Ш.Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен «Мемлекеттік тіл – мемлекеттік қызметте» республикалық конкурсы өтеді.
20.10.2017
Пікірсайыс турнирі өткізіледі

Ағымдағы жылдың 28 қазан күні «Жер мен көше атауы – елдіктің айнасы» тақырыбында жастар арасында облыстық пікірсайыс турнирі өткізіледі. Мақсаты жастарды топонимдердің тарихын зерделеу, географиялық нысандарға атау беру және оларды қайта атау жұмыстарының ғылыми негіздемесін анықтау арқылы ізденіс жұмыстарына тарту, туған өлкесінің атауларына қызығушылығын ояту болып табылады.

Беттер