Жаңалықтар

20.02.2018
«Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы»

2018 жылғы 20 ақпанда Н.Байғанин атындағы облыстық балалар кітапханасында «Жаңа әліпби – жаңа дәуір бастауы» тақырыбында тіл мамандарымен кездесу өткізілді. Кездесуге Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің оқытушысы, филология ғылымдарының докторы, профессор Исакова С.С., Ақтөбе облыстық тілдерді дамыту басқармасының тілдерді оқыту орталығының оқытушысы, «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің менеджері Нұрмұхамедова Д.Б., Ақтөбе облыстық мемлекеттік архивінің қызметкері Ешмұратова Б. және № 6, № 61 мектептің жоғары сынып оқушылары мен қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдері, кітапханашылар қатысты.
19.02.2018
«Тәуелсіздік – жыр-әнім» өнер фестивалі

«Тәуелсіздік – жыр-әнім» облыстық өнер фестивалі «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасы, «Отаным-тағдырым» базалық бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігі күні мерекесіне орай жыл сайын ұйымдастырылып келеді. Биылғы өнер фествалін республикалық деңгейде өткізу жоспарланып отыр.
16.02.2018
ҚАЗАҚ ТІЛІН МЕҢГЕРУ ДЕҢГЕЙІН БАҒАЛАУ ЖҮЙЕСІ - ҚАЗТЕСТ

"Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы" ММ жанындағы "Тілдерді оқыту орталығы" КММ-нің әдіскері Г.Аяпова Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицина университеті қызметкерлері мен профессорлық-оқытушылық құрамына қазақ тілін меңгеру деңгейін бағалауға арналған тест құрылымын таныстырды.
15.02.2018
«Латын әліпбиіне көшу – заман талабы»

2018 жылы15 ақпанда Қазақстан Республикасы ІшкіІстерМинистрлігі М. Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Латын әліпбиінекөшу – заман талабы» тақырыбында семинар өтті. Семинардың мақсаты – Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақаласында көрсетілген 6-бағыт «Латын әліпбиіне көшу – заман талабы» кезеңдеріне, қағидаларына шолу, латын әріптерімен жазу арқылы басқа тілді де меңгеруді жүзеге асыру, латын графикасына негізделген жаңа әліпбиін көпшілікке таныстыру, ой бөлісу, пікірлесу.
14.02.2018
Мемлекеттік тілді меңгеру - азаматтық парыз

Облыста ересек азаматтардың мемлекеттік тілді меңгеруі үшін қолайлы жағдайлар жасалып келеді. Биылғы жылы да «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» КММ-де жыл басталғалы 347 адамды оқытумен қамтып отыр, оның 29%-ы – мемлекеттік қызметшілер, 59%-ы – халыққа қызмет көрсету саласы қызметкерлері, 12%-ы – жеке тұлғалар. Сонымен қатар Алға, Қарғалы, Қобда, Мұғалжарда да оқыту курстары ұйымдастырылып, 136 адам мемлекеттік оқыту курсымен қамтылған.
12.02.2018

Ағымдағы жылдың 9 ақпаны күні «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының бөлім басшысы М.Жанасова облыс әкімінің тапсырмасына орайХромтау ауданында болып, №2 Хромтау мектеп гимназиясының акт залында аудандық мәдениет саласы қызметкерлерімен кездесу өткізді. Кездесу барысында Елбасының халыққа жолдауы насихатталды.
09.02.2018
Елбасы жолдауы насихатталды

Ағымдағы жылдың 9 ақпаны күні «Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы» ММ жанындағы «Тілдерді оқыту орталығы» КММ директоры К.Серғазина облыс әкімінің тапсырмасына сәйкес Қарғалы ауданында болып, мемлекеттік мекеме қызметкерлерімен, ардагерлермен, мұғалімдермен,жастармен кездесті.
08.02.2018
Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізілмек

Ақтөбеде наурыз айының екінші жартысындахалықаралық ғылыми-тәжірибелік конференция өткізу жоспарлануда. Бұл шараны Ақтөбе облысы әкімдігінің қолдауымен облыстық тілдерді дамыту басқармасы ұйымдастырады.
07.02.2018
«Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме» ақпараттық – әдістемелік бюллетені

Тілдерді оқыту орталығы мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, тіршілік қызметінің барлық саласына енгізу ісінде көзделген мақсаттар мен міндеттерді жүзеге асыруда, қазақ тілін шетел тілі немесе екінші тіл ретінде оқыту әдістемесін жетілдіру мақсатында «Тілдерді оқыту: ізденіс және әдістеме» ақпараттық – әдістемелік бюллетеніншығарып келеді.
06.02.2018
Латын әліпбиі – тіл тұтастығы

Елбасы Жолдауындағы бағдарлап берген межелердің бірі – адами капиталды жетілдіру жолдары, оның ішінде латын әліпбиіне көшудің мемлекет дамуына тигізетін тиімділігі мен артықшылық тұстарына тоқталу, мемлекеттік тілдің қолданыс аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау мақсатында 2018 жылғы 6 ақпан күні Қазақстан Республикасы ІІМ М.Бөкенбаев атындағы Ақтөбе заң институтында «Латын әліпбиі – тіл тұтастығы» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.
05.02.2018
«Күншуақ» журналы

2014 жылдан бері ата-аналардың ыстық ықыласына бөленіп, үлкен сұранысқа ие болып келетін «Күншуақ» журналы 2018 жылы да кішкентай оқырмандарымен қауышпақ.
02.02.2018
Ақтөбе ҚАЗТЕСТ сынағы өтеді

2018 жылдың ақпан айының 22-24 ақпан күндері Ақтөбе қаласындаҚазақстан Республикасында Тілдерді дамыту мен қолданудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының міндеттерін іске асыру мақсатында, атап айтқанда, мемлекеттік тілді меңгерген мемлекеттік қызметшілермен мемлекеттік қызмет көрсету саласы қызметкерлерінің үлесін белгіленген межеге дейін арттыру үшін Қазтест жүйесіне негізделгендиагностикалық және сертификттық тестілеу сынағы өткізіледі. Диагностикалық тестілеу сынағы тегін жүргізіледі.
01.02.2018
Өскелең жасқа оң бағдар

Бүгінде ұлттық сананы жаңғыртуға негізделген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын жүзеге асыру жұмыстары қарқынды жүргізілуде. «Тәрбие және білім» кіші бағдарламасының «Өлкетану» базалық бағыты аясында ұзақ мерзімді «Атаулар сыр шертеді» жобасы өңдеумен ұсынылды. Аталмыш жоба 2014 жылдан бері ұйымдастырылып келеді.
31.01.2018

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасының басшысы Г.Төлебаева 2018 жылғы 26-30 қаңтар күндері облыс әкімі Б.М.Сапарбаевтың тапсырмасына орай Байғанин ауданының елдімекендеріндегі ауылдық округ әкімдерінің халық алдындағыесеп беру жұмысына қатысып келді.
29.01.2018

Ақтөбе облысының тілдерді дамыту басқармасы мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс негізінде бірлесе жұмыс жасап келе жатқан ҰЕҰ өкілдерін Қазақстан Республикасы Дін істері және азаматтық қоғам министрінің 2017 жылғы 6 желтоқсандағы № 175 бұйрығымен (бұдан әрі – Бұйрық), Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 2016 жылғы 19 ақпандағы № 51 бұйрығымен бекітілген Үкіметтік емес ұйымдарымен өз қызметі жөніндегі мәліметтерін ұсыну және олар туралы дерекқорды қалыптастыру қағидаларына енгізілген (бұдан әрі – Қағида) өзгерістермен таныстырды.

Беттер